Кітаптағы сезімді кинодан сезіне алмайсың...

Кітаптағы сезімді кинодан сезіне алмайсың...
жеке
блог

Бала күнімде қазақ шығармаларынан басқа шығармалар оқымайтмын. Шыны керек, тарихи кітаптардан гөрі махаббат туралы шығармаларды оқитынмын.  Махаббат анау болуы керек мынау болуы керек қиялдардың бәрі осы кітаптардан келген болуы керек. Кейде өмірді кітаптағыдай елестетіп алған кездерде болған шығар...  Мен сүйе, іздей оқыған авторларым: Сайын Мұратбеков, Бердібек Соқпақпаев, Әзілхан Нұршайықов, Адам Мекебаев, Дулат Исабеков қосылды. Кейіннен, біраз кітапқа, авторға деген көз қарасым үлкейе келе өзгерді де, өзгермеген тек Сайын Мұратбеков пен Бердібек Соқпақпаев шығар. Шын балалықтың, шын тазалықтың айнымас бөлшегі, балалығым дегенде сол шығармалар көзіме елестейді. 

Адам Мекебаевтың кітаптарын оқуға кеңес берер ем, әрине мен оларды бала күнімде оқығаннан да маған қатты әсер етті. Қаз қайталап оқып шыққым келеді, бірақ интернет беттерінен ол кісінің кітаптарын таба алмадым. "Жаза", "Жадыра", "Дауылды жер" осы үш кітаптарында да махаббаттағы тазалық пен пәктікті түсіндіргісі келеді, соған үйреткісі келеді... 

Ары қарай 18+ деп шектеу қойғым келіп тұрғаны :).

 

"Одиннадцать минут"  Пауло Коэльоның кітабы. Мен қызықтыратын бір тақырып немесе осындай біраз кітапты оқыған соң келген ой: "неге, жазушылар үшін "жезөкше" тақырыбы ерекеше орын алады?". Алдында біраз адамдармен де талқыладық та... Сомен, бұл кітапта қазіргі күннің басты тақырыбы жыныстық қатынаста қалай жетістікке жету, қалай осы тақырыпта бақытты болудың жолдары көрсетіледі. Автор, Мария арқылы адамды қинап берген ләззат пен сүйіп берген ләззаттың өлшем бірлігін ашып бергісі келеді. Жалпы, салыстырмалы түрде оқуға кеңес берем. "Вероника решает умереть" оқып шығуға рекомендейтін кітаптар тізімінен. Осы кітаптан кейін, жынды деп қарап келген адамдарға деген көзқарас шынымен өзгеріп кетеді, олар жайлы басқа ойлар пайда болады. Осындай типтегі адамдарды түсінуге талпындырады, олардың да өзіндік адами ойы мен сезімі бар екенін меніңше барынша түсіндіре алған. 

 Януш Вишневскийдің барлық шығармаларын оқып шығуға болады. Себебі, өзім біраз кітабын оқып шықтым, Пауло Коэльомен ұқсастықтар байқауға болады. Бірақ, екеуінің ойларын жеткізулері ерекше, өзіндік стилі бар. 

Тақырыбым жайлы қысқаша түсіндірме:  көптеген оқыған шығармаларымның киноларын көрдім, кітапта ие болған сезімді көре алмадым, рас кейбір кинолар бар түпнұсқадан асып түскен бірақ олар санаулы. Сондықтан да екеуінде қарап шыққан дұрыс шығар. 

 Дәл қазір ешқандай кітап оқып жатқаным жоқ. Уақыт жағынан, рухани жағынан кризисте жүрмін немесе просто кітапқа көңіл бөліп жүргенім жоқ ((. Жалпы, елдер жақсы екен деген кітаптардың бәрін оқуға тырысам. 

Эстафетаны, эстафета ұсынған Айдос Найманның өзіне берем :)).  

сурет мекені