Менің жүрегім

Менің жүрегім
жеке
блог

Дос

Мен қуандым, жанымда болдың. Мен мұңайдым, жанымда болдың. Мен саған сендім, жанымда болдың, мен сенен қаштым, жанымда болдың. Мен алысқа кеттім, жүрегіңде болдым. Мен жалақы алдым, сен қасымдасың. Менің житін наным жоқ, сен қасымдасың. Мен көлік алдым, бірге жүрдік, сен баспана алдың бірге тұрдық. Мен бай болдым, өмірлік бірге болдық. Мен әке шешеме айта алмайтын сырымды саған айттым, сен тыңдадың. Сенен ақыл сұрадым, сен түзу жолға салдың. Шындықты айтып жылаттың.

 

Мен қуандым, жанымда болдың. Мен мұңайдым, сенің жұмыстарың болды. Мен саған сендім, сен алыста болдың. Мен сенен қаштым, сенен де хат жоқ. Мен алысқа кеттім, сенде жоқсың. Мен жалақы алдым, сен қасымдасың. Менің житін наным жоқ, сенің телефоның өшірулі. Мен көлік алдым, бірге жүрдік. Сен баспана алдың, енді сенде уақыт жоқ. Мен бай болдым, сен қасымда болдың. Мен әке шешеме айта алмайтын сырымды саған айттым, тыңдамадың. Сенен ақыл сұрадым, жауабын сенде білмедің. Жалған айтып қуанттың...

 

Маған хат жаздың...

Досым, бүгін сен үшін өте ауыр күн. Мен бүгін жаныңда бола алмаймын. Сен қуанғанда, мұңайғанда, қиналғаныңда, ақыл сұрағаныңда мен тек сенің жаныңда болдым. Сен сияқты досым болғанына мен қуанамын. Досым, артыңнан қалған жалғыз қарындасыңа мен қараймын...

 

Маған хат жаздың...

Досым, бүгін сен үшін өте ауыр күн. Мен бүгін жаныңдамын. Сен қуанғанда, мен сенің жаныңда болдым. Сен мұңайғанда сенен қаштым. Маған сенгеніңде мен алыста болдым. Сенің житін наның жоқ болғанда мен болмадым. Саған жалған айтып, қуанттым...

Сен дәл осы хатты оқып отырсаң мен бақыттымын. Сен мұңайғанда мен өз жүрегімді ауыртқым келмеді. Сенің қиналғаныңды көріп, жүрегімді ауыртқым келмеді. Сенің аштығыңды көріп, жүрегімді ауыртқым келмеді. Менің жүрегім тек жақсылықты көру керек. Менің жүрегім тек бақытты сезіну керек. Менің жүрегімнің есінде тек, тәтті сәттер қалу керек. Досым, менің жүрегім енді сенікі. Мен жалғызбын. Қарындасыңды сен сүйгендей мен сүйе алмаймын. Өмірлік сәттілік саған ДОСЫМ...