Жұлдыздары қарсы

Гороскоп совместимости дегенді қазақша қалай аударады өзі? )) Әзірге сол жұлдыздардың сәйкестігі дей тұрайыншы. Очм, сол сендер соған сенесіңдер ме? Көп адам, әлбетте сенбейді. Әсіресе өз жұбымен сәйкестігі жоқ екендігін білсе. Далбаса деп қоя салады.

Мен мысалы сенемін. Және осыған сенейін деген мақсаттан пайда болған жоқ ол. Өмірлік тәжірибем бойынша бақыладым. Менің жұлдызым егіздер болған соң жұлдыздар сәйкестігі бойынша балықтар, бикештер, мергендермен сәйкес емес дегенді оқығанмын. Мергендердің біраз қылықтары раздражать етсе де, олармен былай сөйлесемін, ал балықтармен, бикештермен әрдайым сөздерім жараспай қалатын кездерім көп болды. 

Бірақ бұл тіптен араласпау дегенді білдірмейді. Әрбірінің бойынан саған ұнамайтын қасиеттерді байқап қаласың. Және сол қасиеттермен өмір бойы алысуды өз мойныңа аласың ба, әлде сәйкестік іздеп тағы жүресің бе, өзің білесің. 

Бір жағынан қарап тұрсақ, бұл сәйкестіктерді қарапайым адамдар жасайды ғой. Және ақша табу үшін ойдан көп нәрсе қосуы да мүмкін. Жалпы, осы жұлдыздар сәйкестігіне қалай қарайсыздар? Өз тәжірибелеріңізден бөліссеңіздер.



Бөлісу: