Жалпы ұпай кімнің еншісінде
жеке
блог

Жалпы ұпай кімнің еншісінде

Иә, Саясат адамгершілікке басым, өзін-өзі асыра мақтамайтын, өмірге есеп бере білетіндердің іс-әрекеті.

Сөздің басын   Қазақстанға келудегі сапарын тарихи сәтке балаған -Өзбекстанды ширек ғасыр басқарған Ислам Каримовтен кейінгі Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтен бастайық.  Бұқаралық ақпарат құралдары жарыса хабарлағандай осы жылдың 22 наурызын да Мирзияев қазақ еліне үлкен бизнес делегациямен келген еді.

Назарбаев Мирзияев Өзбекстан президенті болып сайланғалы екі ел арасындағы экономикалық көрсеткіштер елеулі өскенін айтқан.

Мирзияев: Сіз досыңыз – Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Кәрімовтың аруағына құрмет-қошемет білдіру үшін Хаит күні (Құрбан айт) арнайы келдіңіз. Содан бері мүлдем басқа қатынасымыз бастау алды,-деді.

Өзбекстанның бұрынғы президенті кезінде сауда-саттық мәселесі мардымды дами қоймағанын жақсы білеміз.

Мирзияев билік басына келген 5 айдың ішінде екі елдің арасындағы сауда-саттық 30 пайызға жоғарылады. Бұл жетістікті ел басшысы өзі де баса айтқан еді.

Қазақстан өзінің стратегиялық серіктесі, көршісі әрі бауырласы – Өзбекстанмен ширек ғасырлық ынтымақтастығымыз аясында түрлі саладағы 100 келісімге қол қойған.  Өзбекстан президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2016 жыл қорытындысында екі ел арасындағы тауар айналымы 2 миллиард доллардан асқан. Көршімізде қазақстандық бизнесмендер мен капиталдың қатысуымен 230-дан астам кәсіпорын жұмыс жасауда. Қазақстанда 150-ден астам қазақ-өзбек бірлескен кәсіпорны қызмет етеді. Бұл 2012 жылғы деңгейден төмен: сол жылы 2,5 миллиард доллардан асып түскен болатын. 2015 жылы тауар айналымы 3,2 миллиард долларға жетіп еді. Содан бері өзара сауда-саттық біраз құлдырағанын көріп отырсыз. Ал сапар қорытындысында екі ел кәсіпкерлері бұл көрсеткішті 5 миллиард долларға дейін жеткізе алатыны мәлімделді. Бұл белесті бағындыру үшін Өзбекстан республикамызға өзінде құрастырылған жеңіл және жүк автокөліктерінің, автобустарының, ауыл шаруашылығы техникаларының экспортын арттырмақ. Күні бүгінге дейін бұл бағытта біздің үкімет өз өндірушілерімізді қорғап, еңсесін көтерту үшін өзбек автозауыттарының экспансиясын біраз бөгеп келгені жасырын емес. Енді бұл арна толық ашылатынға ұқсайды. Өзбек тарапы тіпті өз автокөлік маркаларын шашылған күйде әкеліп, Қазақстан жерінде жинастыруға дайын. Олар осылайша, ЕАЭО талаптарын айналып өте алады. Тағы бір айта кететін жайт ол – қос ел азаматтарының барыс-келісінің арнасын кеңінен ашпақ. Бұған дейін Қазақстан өзбек заңсыз еңбек мигранттарының ағынына тоспа құруға тырысқан. Енді шекарадан өтудің оңайлатылған тәртібін енгізу көзделеді.

Сондай-ақ қос мемлекеттің үкіметтері «өңіраралық ынтымақтастық туралы келісім», «2017-2019 жылдарға арналған экономикалық ынтымақтастық жөніндегі стратегияны», «Табыс пен мүлiкке қосарланған салық салуды болдырмау туралы келiсiмге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы», «2006 жылғы 20 наурыздағы Қазақстан мен Өзбекстан үкіметтері арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы» бекітті.

Сөз соңында Ш. Мирзияев қонақжайлық көрсеткені үшін Қазақстан Президентіне алғыс білдірді.

Дәл осылай алғыс білдірулер Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің Нұрсұлтан Назарбаевқа Сириядағы қақтығысты реттеу жөніндегі келіссөздерді Астанада ұйымдастырғаны үшін , ал 2016 жылы 16 тамызда өткен кездесулерін де: Түркия Президенті Р.Ердоғанның Ресейге соңғы сапары екіжақты байланыстарды қалыпқа келтіру ғана емес, оны дамыту жөнінде де біздің толыққанды жұмыс жүргізуге ниетті екенімізді дәлелдеп берді. Сол үшін Сізге көп рахмет,-деді. Ал 2014 жылы екі жақтық келісім жүргізгенде  Беларусьпен үш ел арасындағы ынтымақтастық үшін сіңірген еңбегіне ризашылығын білдірген еді. Осыған қарап, Путин үшін біздің елбасы- "ынтымақ-береке, келісім мен татулықтың символыма" деп ой түйесің...

Екі ел президенті 2016 жылы 16 тамыз күні Сочи қаласында кездескен еді.

Біздің қарым-қатынасымыз саяси тұрғыдан да, экономикалық тұрғыдан да үлгі етуге лайық деп санаймын. Осы жылдары Қазақстан мен Ресейдің 6 мың бірлескен кәсіпорны құрылып, интеграциямыздың өмірде нақты іске асқанын көрсетті. Алдағы Қазақстан-Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына үлкен үміт артамын,-деген Назарбаев сөзіне : Әрине, біз экономикада қиындықтарға да кезігіп тұрамыз, әсіресе әлемдік шикізат нарығындағы тұрақсыздық пен валюталық ауытқу жағдайында төмендеу байқалуда. Бұл ретте нақты көлемі жөнінен ол соншалықты көп емес – небәрі 7%. Қазіргі ынтымақтастық тетіктері бізге оны еңсеруге мүмкіндік береді. Ал бізде мұндай тетіктер тиімді жұмыс істеуде, – деді Ресей Президенті.

Неде болса Өзбекстан Президенті мен Ресей Президенттермен жүргізілген саяси келісімдердің жалпы ұпайы тек бір мемлекетке емес, бұл Орта Азияның ,басқаша аты Түркі елінің экономикасына елеулі өзгеріс әкелері сөзсіз.