Алаш ардақтыларының жасаған жұмыс нəтижесі!
жеке
блог

Алаш ардақтыларының жасаған жұмыс нəтижесі!

     Тоқырау жылдары көптің көзіне іліккен алаш айбындарының  негізгі идеясы қазіргі кезде жемісін беруде. Менің ойымша сол тұстары Алаш деп айқай салған әр азаматтың талабы мен тілегі ақталды деуге болады. Саяси Қазақ зиялыларынан құрылған бұл топ кемел болашаққа жол ашып берді, яғни кешегі мен бүгінді салыстыруға келмейтін күн туды.
     Біріншіден қайтіп келмеске кеткен кешегінің естеліктері айтса ауыз бармас жағдайлармен жасырынып қалмасы анық. Сондай ауыр- қыстау кезеңдерде бас көтеріп әлеуметтік жағдайды жақсарту үшін аянып қалмаған зиялы қауым еңбегі ерең. Олардың үні шықпас бұрын дымы шықпаған қазақ жұртының тұрмысы мүшкіл еді.
 Әлихан Бөкейханов өз кезегіңде 
Көзі соқырдан, көңілі соқыр жаман- деген екен! Ал бейбіт күннің қазіргі сөздері:    Қазақстан даму жолында, Қазақстанның болашағы- кемел іспетті жігер берер қағидалар қатары осы күннің айғағы. Еліміздің өмір сүру деңгейі халықтың тек қана әлеуметтік емес рухани құндылығына да аса байланысты. Осылайша кешегінің қорытындысы бүгін сыналып жатқан жағдайы бар.
   Екіншіден бас көтерген тұлғалар талап қоя отырып ұсыныстарын білдірді, яғни талап бар жерде ұсыныс қатар жүруі тиіс.Толқулар арасында саяси күрес сахнасына көтерілген Міржақыптың -Оян қазағы көптің санасын босатты десе болады. Жыр жолдарында кездескен 
 Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты, 
Өткізбей қараңғыда бекер жасты. –осы қатарлар  рухани күш беруге тырысқандығының дәлел және  осының нәтижесі  қазіргі жастардың талапшыл сөз еркіндіне ден қоя білетіндігіне алып келді.Сондықтанда ертеңі үшін тырысқан ата-бабаларымыз үшін бүгінгі күн мерей той десекте болады.
  Түйіндей келе айқын болашаққа жол ашып берген алаш тұлғаларының және сол  тұста аянбай күреске барша жұрттың негізгі ойларының жүзеге асқан күн осы. Олардың есімдері тарих сахнасынан мәңгі өшпеске сақталды. Сонымен қатар олардың жасаған еңбектері көпке үлгі, келерге мұра.
                                                                                 .