ДЕРТКЕ ҰШЫРАУДЫҢ БІР СЕБЕБІ - МІНЕЗ

«Жаны саудың – тәні сау» деп бекер айтпаса керек. Адамның жаны қаншалықты жайдары болса, соншалықты сау, ал қаншалықты негативке жақын әрі көңіл-күйі тез бұзылатын болса, онда соншалықты дертке ұшырау ықпалы көбейе түседі екен. Ендеше теріс қылық пен мінездің себеп болатын ауру түрлерін назарларыңызға ұсынамын:

 

Ашкөздік – онкологиялық ауру тудырады. Антагонизм (келісімге келмеу, қарама-қайшылық) – қабыну, бас ауруы, қант диабетіне әкеліп соғады. Агрессия – артерия қан қысымының жоғарылауына, сүйел мен асқазан жарасының пайда болуына; Абыржу, мазасыздық – жүрек ауруларына, ұйқының бұзылуы мен тері ауруларына әкеліп соғады. Амалсыздық, дәрменсіздік – өкпе қабынуы, маскүнемдік, сонымен қатар, иммунитеттің төмендеуіне; Абайсыздық, албырттық – жарақатқа, жазатайым оқиғаға, сондай-ақ,  эпилепсияға; Әдепсіздік, дөрекілік – вирусты аурулардың, геморрой, бронхит, өт жолының қабынуы және гастрит, қалқанша безі ауруларының бастамасы болып табылады. Бейжайлық, селқостық – тәбеттің нашарлауына, атрофиялық гастритке, аменореяға (етеккірсіздікке), артерия қан қысымының төмендеуіне және қант диабетіне; Депрессия – пневмония мен туберкулезге себеп болады. Енжарлық, бейтараптық – аменорея (етеккірсіздік), есте сақтау қабілетінің нашарлауы, гипотонияға (артериялық қысымның төмендеуі); Жиіркеншектік – ревматизм, сүйелдің шығуы, ангина ауруларына; Талғамсыздық  - асқорыту жүйесінің бұзылуына; Тұйықтық, шет жүрушілік – бүйрек және бүйрек үсті ауруларын, шизофрения, артериялық қан қысымының жоғарылауы секілді дерттерді тудырады.

Жалғасы бар...



Бөлісу: