Газет,әлде интернет пе?

Газет,әлде интернет пе?
жеке
блог

  Заман өзгеріп,даму сатысының жоғары шыңына көтерілген сайын,жаңа технологияларға деген сұраныс артып,байланыс құралдардыңда қоғамымызда рөлі күшеюде.Күн сайынғы болып жатқан жаңалықтарды әлемнің түкпір-түкпір жерінен таратып,жаңа ақпарттарды хабардар етуде интернет желісінің маңызы зор.Сонымен қатар,қазіргі кезде әлемнің көптеген дамушы елдерінде барлық қондырғылар мен бума-бума қағаз беттері электрондық күйге көшіп,адамның жұмысы жеңілдеп,барлық атқаратын қызмет түрлері компьютерлер арқылы жасалуда.Бұрын соңды адам аяғы тимеген аспан әлемінің қыр-сыры ашылып,жұмыс орындарының,ғылымның қай саласында болмасын даму үрдісі көтеріліп,тіпті,күнделікті өміріміздегі дүниенің арғы шетінен бергі шетіне дейінгі байланысудың жетілдіруі –қазіргі жаңа заман XXI ғасырдың жетістігі екенін көрсетеді.Ал бірақ адамның ойы мен еңбегінің арқасында туған осынау дүниелердің барлығы адамзаттың өзіне кері әсерін тигізбей ме?

  Шындығында да, интернет желісінің пайдалы жақтарымен қоса келте жақтары да баршылық.Бұл құралдардың бәрі дерлік спутник,желі арқылы тарап жатқандықтан әртүрлі реактивтер адам ағзасына да,экологияғада зиянын тигізбей қоймайды. Атап айтсақ,кез-келген жасөспірім бойындағы көз аурулары,есте сақтау қабілетінің нашарлауы,психологиялық жағынан бұзылып,ашуланшақ мінезді болуы-қазіргі қоғамдағы желілер арқылы таралатын көп ақпараттың себебінен.Жастардың үйден шықпай,уақытының көп бөлігін әлеуметтік желілерге ,түрлі ойындарға бөліп,тұйық болуы қоғам дамуын тежейтін негізгі фактор болып саналуда.Мұнымен қоса интернет желісі ұлттық рухани мәдениетімізді бұзып,ана тілінің кірленуіне де себебін тигізуде.Ондағы қате жазылған мәлеметтер,өтірік-шындығы белгісіз түрлі жалған ақпараттар адам санасын жаулап алатын терроризмге үгіттейтін, жас ерекшеліктеріне шектеу қойылмаған түрлісайттар оң солын білмейтін жас буын өкілдерін түрлі ағымға,өмірде адасуына бағыттайды.Мысалға алсақ,қазіргі кездегі «Whats App» және  «Instagram» желілеріндегі жасы үлкен аға-апаларымыздың өздері өзара бір-бірін балағаттап,түрлі дақпырт сөздер жазып мәдениетіміздің дәрежесін төмендетуде.Кейбір жандар «Instagram» желісіне тәуелді болып,виртуалды әлемнің қызығында өмір сүреді.Олар оқырман,лайк,комментарий жинаймын деп жүріп,нағыз өмірдің рахатын сонымен ауыстырып алғандай.Мұны көрген өскелең ұрпақ не тәрбие алады?Болашағымыз қалай болмақ?

  Заман талабына сәйкес дәл бүгінгі заманда қолына газет ұстаған,кітапхана есігінің алдын тоздырған жастар жоқтың қасы.Тіпті олар газет атаулыға қызықпайды да,себебі олардың іздейтін мағлұматтары интернет беттерінде толып тұр.Ал шындығында нағыз білім газет-кітаптарда. Газет оқысаң сөйлеу мәденитің жоғарылайды.Өйткені онда барлығы сауатты түрде көрсетіліп,жан-жақты сауат ашуға,әртүрлі тақырыптар шеңберінде ой-пікір қозғауға мүмкіндік жасайды.Сонымен қатар газет беттері интернетпен салыстырғанда нақты деректі,алынған ақпараттың сілтемесі көрсетілген шынайы факторлерге сүйене отырып жазылады.

  Газет деген дайын білім.Апта сайын оқитын газет бір жылда бір кітаптың салмағымен тең дәрежеде болады.Бұл кітап оқымайтын жастарға,ана тілінің құдіреттілігін түсінуге ,бармақтай болсын рухани дүниесін байытуға керек дүние емес пе?

  Негізінен бұл мақаламда интернетті жаман дегім жоқ.Интернет ол-мәдениет.Ал мәдениет мәдениеттілікті қалайды.Интернет адамға көптің ішінен таңдау береді,ал оны таңдау өзіміздің еншігімізде.Интернет адамды емес,адам интернетті игере білуі керек,сода ғана ешқандай мәселе туындамайды.Интернет те дұрыс таңдай білген адамға толық білім береді,ал газеттің де одан артық болмаса кем түспейтіні анық.Керісінше білген үстіне тағы білім қосады.

  Сонымен газет,әлде интернет пе?Бұл таңдау емес,нақты талдау.Көкірегі ояу,көзі ашық жан бұл сауалға ешкімнің көмегінсіз-ақ ішкі сезімімен ойланып,өз-өзін реттей отырып кіріссе,өзінің,қоғамның,тіпті, әлемнің дамуына да өз үлесін қосар еді.