Қазақтың жерлеу рәсімі

Қазақтың жерлеу рәсімі
жеке
блог

Кісісі өлген қаралы үйдің шығындарын көтерісу мал немесе ақша жинап беру, келген қонақтарды жабыла күтіп алу, тек кісі қазасында ғана емес басқа да ауыр жағдайларда көңіл білдіріп, қауым болып қайғыру – зор адамгершілікпен ұйымшылдықтың белгісі болып саналады. Бұндайда тек қана жерлеуді ұйымдастыру ғана емес, қаржылай да, азық-түлік мал жағынан да көп көмек көрсетіледі. Сонымен қатар, аталас рудан тарағандар қайтыс болған кісінің үйіне салмақ түспес үшін, сол үйде жасалатын бар істі өз мойнына алып, келген кісілерді өз үйлерінде, кеткенше түнетіп, тамақтандырып отырады.

«Қырғыздар (қазақтар) қаншалықты ұзап көшкендеріне қарамастан өмірден озған адамдарын өздерінің рулық қорымдарына әкеліп жерлейді. Кейде мүрдені алыс жолға алдын ала әзірлеп, кілемге орап, жүздеген верст жерге апаратын жайттарда кездеседі. Ең алдында қаза болған адамның мұрагері иығына мылтық асынып, жанында қылыш ұстаған, сабалық жүнді үшкіл малақай киген азалы мұрагері жүреді; онан кейінгі түйе үстіне кілемге оралған мүрде жатқызылады; әрі қарай ағайын-туыстары мен жора-жолдастары құрбандыққа шалуға арналған қойлар мен азық-түлік үшін алып шыққан малдарды айдай жүреді. Мұндай көріністерді қорымға жақындағанда жиі байқауға болады». Каразин Н.Н. От Оренбурга до Ташкента. Путевой очерк.1886. стр-10.

Қайтыс болған кісіге жақын үй иелері мен оның ең жақын туған-туыстары жеруледі ұйымдастыруға қатыспай, қайғыра жылап көңіл айтуға келген кісілерді күтіп алып отырады. Дәстүр бойынша қайтыс болған кісінің туысқандары өздерінің жағдайларына, мүмкіншіліктеріне қарай, әдетте белгілі бір мөлшерде бірден он бас көлемінде мал әкеледі. Бұл рәсімді - аза тұту деп атайды.

Еске алу үшін рәсім бойынша міндетті түрде мал сойылады. Қазірге дейін бұрынғы салт бойынша жерлеуге дейін қою рәсімі сақталып келеді.Ал жерлейтін күні таң атқан кезде, ірі малдан жылқы немесе сиыр сойылады.

Молданың қатысуымен қайтыс болған кісіні жуу рәсімі өтеді. Яғни, жерлеуге дайындаудың ең маңызды шарты – өлген кісіні сумен жуындырудың бірінші кезеңі – мейірім су немесе иман су деп аталады.

Қазақтардың сондай-ақ Орта Азия елдерінің әдет-ғұрыптары бойынша қайтыс болған кісіні, әсересе түнде ешқашан жалғыз қалдырмаған. Өлген адамның жатқан жерінде қырық күн бойы жеті жерде май шырақ жанып тұруы тиіс.

Жерлеуге дайындаудың екінші сатысында өлікке ақырет киімі кигізіледі. Шариғат бойынша қайтыс болған кісіні киіммен жерлеуге тыйым салынған, сондықтан ақырет ерлер киімі немесе әйелдер киімі болып бөлінбейді. Ақырет киімінің пішімі Орталық Азия халықтарының көпшілігінде ұқсас. Дәстүр ақырет ерлер үшін үш бөлік, әйелдер үшін бес бөліктен тұрады. Ақыретті дайындаудың белгілі бір ережесі бар: ең алдымен ақ мата мол болуы қажет, мата тесілмейді, бірақ кесіледі, пішіледі (егер қайсы бір жағдайда қиылса, оны ақыреттің ішкі жағына жібереді); матаны бір кесілген жіңішке етіп қайма тігеді; ақыреттің бөліктерін қолмен қиып пішеді; ақыретті дайындау үшін істі Аллаға сыйынып бастайды. Молда өзімен алып жүру үшін, ақыретті үлкен инемен тігеді. Бұрын шариғат бойынша ағаш ине болса, кейінгі кездері темір ине пайдаланылатын болған.

Ақыретті дайындап біткен соң, екінші рет жуу рәсімі басталады. Жуушылар – сүйекке түсушілер деп аталады. Толығырақ