Қысқа, бірақ қорқынышты оқиғалар 3

Қысқа, бірақ қорқынышты оқиғалар 3
жеке
блог

Сізге терезеден қарап, күлімдеп тұрған бейнені көрдіңіз, сіз 9 қабатта тұрасыз...

Айнадағы бейнеңіз сізге қарап күлімдесе...

Ол орманда адасып жүріп, иесіз қалған үйді кездестірді. Ешкім келе қоймағандықтан, әрі қатты шаршаңқы болғандықтан, ол ұйқыға жатайын деп шешті. Алайда, қабырғада ілулі тұрған қорқынышты суреттердің оған қарап тұрғанынан, ұзақ уақыт көз іле алмады. Таңертең ол күн сәулесінен оянды. Қабырғада ешқандай суреттер жоқ еді, бұл жай ғана терезелер болатын...

Жұбайыңыз жаныңызға жайғасты, сәлден соң, дәл сол адамнан: "Мен кешігіп келемін"-деген хабарлама келді...

Жуынып тұрып, ұзын, қара шаштарыңыз тым көп мөлшерде, жерге түсіп жатқанын байқадыңыз. Алайда, сіздің шашыңыздың түсі мүлдем басқа...

Ұйқыға кеткелі жатқанда, біреудің сізді сыбырлап шақырғанын естідіңіз, сіз жалғыз тұрасыз...

Жақын адамыңыз сізді көрмей, естімей, сіз арқылы өтіп кетті...