Менің алғашқы блогым
жеке
блог

Менің алғашқы блогым

"Алғашқы" деген сөздің өзі үрей тудырады. Бұл менің сыни пікір жазатын ортам. Алайда, мен өзімнің ең алғашқы блог жазуым екеін таныстырғым келеді. Массагетке жазатын блогерлер кəсіби шыңдалған адамдар олардан үйренерім əсте көп-ау. Менде осы ортаның қыж-қыж қайнаған тірлігіне бір сəт еніп, құнды мақала жазуға тырысатын боламын. Болашақ- журналистпін. Журналистика саласында қаламым қарышты болып, еңбек сіңіргім келеді. Осы жолда массагетке жазылған мақалаларды оқи отырып өзіме аларым аз емес. Үнемі осы сайтқа тіркеліп осы "сайттың блогері" деген шенім болса ғой деп армандадым. Бүгін сол арманыма бастар баспалдақтың алғашқы сатысында отырғандай сезімдемін. Қуаныштымын. Бұрын-соңды блог жазып көрмеген соң болар ойыма алғашқы əсеріммен бөлісу келді. Мен сияқты жастарға қызық болар деп ойладым. Маған айтар кеңестеріңіз, пікірлеріңіз болса, сыни көзқарастарыңыз болса мархабат. Мен кез- келген сынды түзеу мақсатында жұмыс жасауға əзірмін. Бұл- алғашқы блогым. Сондықтан көркемдегіш сөздерден гөрі сезімге толы сөйлемдер жазылды. Алдағы уақытта жазған мақалаларым елді елең еткізер деп білем. Өзімді тура бір массагеттің тілшісі сезіне отырып, жұрт білмеген дүниелерді жарыққа шығаруға тырысатын боламын.

Тек қанаты қатаймаған сарыауыз балапандарыңызды оқып, алдағы уақытта есте боларлықтай кеңестеріңбен бөліссеңіздер, қолдау көрсетсеңіздер жетіп жатыр. Сарыауыз балапанның қанаты қатып, өзіндік із қалдыруына сеп болыңыздар.

Көп көп рахмет, жақсы адамдар!