Бұл күн баршамыздың жүрегімізде!

Құрметті ардагерлер және сайт оқырмандары!

Өздеріңізді бүгінгі Ұлы мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!

Әрқашанда ардагерлеріміз сыйлаған ашық аспанда көк байрағымыз желбірей берсін! Сіздерге шын ниетпен денсаулық, тіршіліктің ұзақ та алаңсыз күндерін, жақын адамдарыңыздың қамқорлығы мен ықыласын тілейміз!

Және де бәріміз үшін бұл күн бейбіт болашақ сыйлаған, Отанын қорғау жолында қан төгіп, оралмаған және тылда жүріп еңбек еткен ардагерлерімізді құрмет тұтанымызды, олардың ерліктерін ұмытпайтынымызды білдіретін де күн болғандықтан бейбітшілікті сақтап қалу барлығымыздың борышымыз екенін ұмытпауға шақырамыз!

Сонымен, мерекелік демалыс күндеріңіз жақсы өтсін, достар! Өздеріңізге арнап тобымыз дайындаған "Журавли" әнін басқа да өнер иелері қоятын концерттік бағдарламада тыңдауға келіңіздер! Концерт кешкі 20.00-де Ескі алаңда. 



Бөлісу: