Еуропаға қазақ футболшыларының аяқ алысы

  Еуропаға қазақ футболшыларының аяқ алысы
жеке
блог

 

 

     Біздің ел чемпионатына Еуропадан, басқа да аймақтардан легионерлер доп тебуге үнемі келіп отырады. Ал Қазақстандық аяқдопшылар қашан Еуропаның ТОП-5 чемпионаттарында, тым құрағанда ортаң қол Еуропа елдерінің чемпионаттарында доп тебеді? 

 

     Оған əлі алыстау, бірақ Еуропаға алғашқы қадамдар басылды. Олар Ресейден, Шығыс Еуропадан, Түркиядан басталған. 2000-шы жылдан бері қарай, Қазақстан УЕФА-ға мүше болғаннан бастап қарасақ, біраз футболшыларды айтуға болады. 

    Ең біріншіден Қазақстан Ұлттық құрамасы үшін 75 ойын өткізіп рекорд жасаған, қазақ футболының аңызы Самат Смаков пен үздік қақпашы Давид Лорияны айтуға болады. 

   Ең алғаш СЭМ 2000-2002 жылдары Ресейдің "Ростельмаш" командасында, 2013 жылы Түркия чемпионатының "Ризеспор" командасында бағын сынап, 18 ойында 2 гол соқты. Давид Лория Ресей, Швеция, Түркия чемпионаттарында өнер көрсетіп қайтты. 

   Жастарға келер болсақ, қазіргі қазақ футболының жұлдызы Бауыржан Исламхан Ресейге бағын сынауға барып, бірақ тек қосалқы құрамда отырумен шектелді. 

   2013 жылы Абзал Бейсебеков пен Сергей Хижниченко екеуі Польшаның "Коронасында" өнер көрсетіп келді. Екеуі голда соқты, бірақ көпке қалмады. Осы жылғы маусымды Қазақстандық шабуылшы Сергей Хижниченко Беларусь чемпионатында бастайды. Ол Беларуссияның үздік ұжымдарының бірі "Шахтёр Солигорск" командасымен келісімге келген. Жолдастық кездесулерде кеншілер үшін бірнеше голда соқты, голдық пастарда беріп үлгерді. "Польшадағыдан көбірек гол соғам" деген сөзінде тұрар деген үміттеміз. Бастысы Қазақстан Ұлттық құрамасы сапында шет елде ойнайтын Қазақстандық ойыншы бар.

   1996 жылғы Максим Федин 2015/2016 жылғы маусымда Сербияның "Спартак Суботица" командасында ойнап келді. 

    Қаңтар айында Ресейде өткен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы "Гранаткин Мемориалы" кубогында Қазақстан U-18 құрамасы күміс жүлдегер атанды. Бұл тарихи оқиға болды. Бұған дейін жастарымыз мұндай нәтижеге жетпеген еді. Жарыс нəтижесі бойынша Еркебұлан Сейдахмет "ең үздік шабуылшы" атанды. Ресейліктердің көзіне түскен Еркебұлан артынша "Зенитке" шақырту алды. Түркияда "Зенит" жастарымен оқу-жаттығу жиындарына, жолдастық кездесулерге қатысты. Жасы жетпеген соң келісімге əлі ерте. 

   Жалпы қазақ футболшыларың Еуропаға аяқ алысы жаман емес.