"Шамшырақты" тыңдаңыздар!

Құрметті радио тыңдаушы менің достарым! Қазақ радиосы бүгіннен яғни, 20 ақпан айынан бастап ақпаратты сазды, танымдық "Шамшырақ" бағдарламасын тікелей толқыннан таратуды қолға алды.Әр аптаның дүйсенбісі мен жұма аралығында 18 бен 19 және 20 мен 21 сағат аралығында " Шамшырақ" бағдарламасы Астанадан, ал кешкі 19 бен 20 сағат аралығында Алматы студиясынан хабар тарататын болады. Әртүрлі радиойындар ойнатылып, жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар табысталатын болады. Тікелей толқынға хабарласып, пікір білдіріп, ойларыңызды ортаға саламыз десеңіздер мархабат.  



Бөлісу: