Эдвайзердің студенттің өміріндегі маңызы

Эдвайзердің студенттің өміріндегі маңызы
жеке
блог

Жоғары оқу орнында жастардың тұлға ретінде қалыптасу мәселелері студенттік топтардағы тәрбие жұмысының тиімді жүйесінсіз жүзеге асуы мүмкін емес. Мұнда студенттердің аса маңызды өзін-өзі тануы, қарым- қатынас, басқа тұлғаларды бағалау, тұлға ретінде өзіне баға беру сияқты әлеуметтік қажеттіліктері жүзеге асырылады. Топтың бірлігіне, оның мүшелерінің арасындағы өзара қарым-қатынас, көшбасшылардың беделі көптеген жағдайда оның ұжым ретіндегі даму деңгейіне байланысты болады, яғни әрбір студенттің тұлғалық әлеуметтену үдерісіне тиімді ықпал етеді. Сондықтан да университеттің бүкіл оқытушылар ұжымының жүзеге асыратын тәрбие жұмысының негізгі субъектісі болуы қажет. Ол – эдвайзер. Эдвайзер - тәжірибелі және коммуникативті маман иесі. Эдвайзердің басты міндеті - студенттерге білім алу жолын анықтауда көмек көрсету. Куратор- эдвайзер жұмысы тиімді жүргізілсе сандық және сапалық көрсеткіштер жақсарады: топ үлгерімінің оңтайлы қарқыны, топ студенттерінің арасында кұқық бұзушылықтың болмауы, түрлі деңгейдегі әлеуметтік-дамытушы іс- шараларға студенттердің қатысуы. Эдвайзердің жұмысының тиімділігі осы факторларға негізделеді. Студент атану – адамның тұлға ретінде қалыптасуының бірінші сатысы. Жаңа өмірдің бастамасында студент көптеген қиындықтарға тап болады. Бұл жолда студентке серік болатын, әрі осы салада тәжірибесі мол маман иесінің қажеттілігі елеулі орын алады. Сондықтан куратор-эдвайзер өз міндеттері мен мақсаттарын жүзеге асыру барысында студентті тұлға ретінде қабылдайды. Студенттерді студенттік өмірге баулу, өздерін-өзі таныту шараларын жүргізеді. Осы жұмыстар аптасына бір рет болатын куратор сағаты кезінде немесе әр студентпен жеке талқылау кезінде жүзеге асырылады. Бүгінгі тəрбиенің басты міндеті – адамзат мəдениетінің сан ғасырлық өркениеттік жетістіктері мен ұлттық рухани, мəдени байлықты кіріктіре отырып меңгерту, студент-жастарды нарықтық экономикаға бейімделген, өмірге икемделген, жан-жақты жетілген, қабілетті, кез келген тұтқиыл жағдайлардан жол тауып шыға алатын ынталы да іскер, табанды да талантты, Отанын сүйетін азамат етіп тəрбиелеу болып табылады. Осы жолда студенттің жауапкершілігі мол азамат болып қалыптасуына куратор-эдвайзер жұмысының маңыздылығы аса зор.

Утемгалиева Насихат, Байзакова Шырынай, Коскулакова Арай