Кітап көзі жұмыққа арзан, көзі ашыққа маржан (мен ұсынатын үш кітап эстафетасы)

Кітап көзі жұмыққа арзан,  көзі ашыққа маржан (мен ұсынатын үш кітап эстафетасы)
жеке
блог

Астананың Саниясы арқасында мағанда "уффффф" деп бірінші рет эстафета таяғы тиіп отыр.Эстафета таяқшасы бірінші рет тиген соң қобалжып отырмын\мектептеде дене шынықтыру сабағына қатысқан емеспін))))\ .... Ал, бастадым...

1. "Мемуары принцессы"және "Майада" Джин П.Сэссон

книга      к

Бастапқыда "Мемуары принцессыды" оқығанмын, өте қызықты болды: Араб елінің байлығы, қыз-келіншектердің құқықтарының тапталуы, ер баланы арабтардың қыз баладан биік қою \барлық жерде солай ғой ұл бала ұрпақ жалғастырушы деп, бірақ Араб елінде тым шеттен тыс  зұлымдықтр жасалады, қыз туылған болса өз қолдарымен өлтіреді...((((\, т.с.с. Бұл кітапта Сауд Арабиясын басқаратын Аль-Сауд корольдық отбасынан шыққан Султана атымен бүркенген ханшайымның өмірі сипатталады. Бала кезінен қырсық, қыңыр болып, тете өскен ағасының өркөкіректігін жек көріп, еркектердің әйел қауымына әділетсіздігін көріп өсіп, әйелдер үшін бостандықты аңсаған бойжеткен,ханшайым,әйел-ана туралы кітап. Осы кітапты оқығаннан кейін Д.Сэссонның шығармашылығына қызыға бастадым, сөйтіп "Майада"(Ирак елінде дүниеге келген, Саддам Хусейнмен таныс болған,Баладият түрмесінде қамауда  болған Майада туралы) ,"Мольба Мариам" және тағы да басқа шығармаларын оқып шықтым,Шығыс елдеріндегі әйелдер проблемасын жақсы жаза білетін жазушы.

2. "Я знаю: мы нужны друг другу"Хелен Бьянчин

к

Үйлену тойы өткеннен кейін Франческоның күйеуі қайтыс болады,сол қайғыдай кейін ол енді ешкімді жақсы көре алмаймын деп шешеді.Уақыт өте келе оның жүрегін Доминик жауап алады. Махаббат туралы романдарды жақсы көретін оқырманға арналған дүние. Негізі Хелен Бьянчиннің романдары махаббат тақырыбына арналған...

3. "Сыр бойы "З.Шүкіров

книга  книга

Сыр елінің қызы болғаннан кейін сыр бойының тарихы қызықтырмай қоймас. Бұл шығармада сыр елінің батырлары, тұрмыс тіршілігі, Жанқожа батырдың ерліктері, Сегіз сері туралы жазылған.Сыр елінің тумасының бұл еңбегі сыр тарихына қосқан үлесі.

 

Міне, мен оқуға кеңес беретін кітаптар тізімі осындай.... Эстафета таяқшасын Батыстың тумасы, алматылық Ұшқынға (Мика) беремін! Мика аттың басын жіберіңіз....))))))