Оқи отырыңыз

Мықты болсаң, өзгенің жетістігін, өзіңнің кемістігіңді көре біл. 

Автор: Қадыр Мырза Әли

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / 3D көзілдірігіңізді сүртіп кіріңіз немесе бала-арманның орындалуы

3D көзілдірігіңізді сүртіп кіріңіз немесе бала-арманның орындалуы

3D көзілдірігіңізді сүртіп кіріңіз немесе бала-арманның орындалуы

- Менде армия бар!

- Ал бізде Халк бар.

Локи мен Тони Старктың диалогынан

Бала қиялдың шеті де, шегі де жоқ, күндіз көзіңмен көріп, көңіліңмен сезінген дүние, түнде түсіңе кіріп сана-сезіміңді сол бір ертегі-әлемге барынша жақындататыны бар-ды. Жеке өзім Marvel Comics қаһармандарын бертінде бір-ақ көрдім, алайда адамзатты құтқарудан басқа істейтін істері жоқ супер-кейіпкерлер басының бір жерге қосылғаны алыста қалған бал-уақыттың ғажайып сәттерін қайта оралтқандай болды.

Қазақстандық прокатқа Ақан Сатаевтың «Жаужүрек мың баласымен» таласа-тармаса қатар шыққан «Кек алушылар» фантастикалық экшні осы маусымның ғана емес, жалпы соңғы жылдардың көптен күткен премьераларының бірі болды. Marvel комикстары бойынша түсірілген алтыншы фильмде қиял-әлемнің ойдан шығарылған қаһармандары S.H.I.E.L.D. атты қылмысқа қарсы бүкіләлемдік ұйымның қанатының астында бас қосады.

3

Бұған дейін жекелеген фильмдерде жауға жалғыз шауып келген кейіпкерлердің кейпі мынау: «Темір адам» немесе қару-жарақтың сан түрін ойлап тауып, жетілдіріп аты шыққан Тони Старк (Роберт кіші-Дауни), бейкүнә ғалым Брюс Бэннердің екінші жартысы, жасыл алып Халк («Таңғаларлық Халк» фильмінде Эдвард Нортон ойнаған еді, бұл жолы рөл Марк Руффалоға бұйырыпты), Асгард атты бөтен планетадан келген ағайынды Тор (Крис Хемсворт) мен жауыз Локи (Том Хиддлстон), алабажақ қалқанымен тұтас бір дәуірдің есінде қалған Капитан Америка (Крис Эванс, «Капитан Америка: тұңғыш кек алушы»).

Фильмде бұлардың қатарына «Қара жесір» деген атпен танымал Наташа Романова (Скарлетт Йоханссон) және «Қыран көз» Клинт Бартон (Джереми Реннер) қосылған. Жоғарыда айтылған бүкіләлемдік ұйымның бастығы Ник Фьюриді (Сэмюел Л. Джексон) тағы бір бармағыңызды бүгіп, осы тізімге енгізіп қойыңыз. Ә, айтпақшы, Вирджиния «Пеппер» Поттстың рөліне иелік еткен Гвинет Пэлтроу да бар.

7

Шатастыңыз ма? Алаңдамауыңызға болады, «Кек алушылардың» өзі сізге сеанс кезінде шаршауға, жаңылысуға, қайсысының қайсысы екенін аңдатып жатуға мұрша бермейді. Оның үстіне оған өзіңіздің де уақытыңыз бен құлқыңыз болмайды. Фильмның басы мен аяғы қалай тұтасып, шолаң ете түскенін сезінбей де қаласыз. 220 миллион бюджеті бар блокбастер миллиардер фильм атануға лайық деп ойлаймын, масштабы мен тартымдылығы жағынан «Кариб теңізі қарақшыларынан» қала қоймайды (әрине, бұл екеуін салыстыруға келсе).

Бас режиссер һәм сценаристердің бірі Джосс Уидон бастаған команда сюжеті ұңғыл-шұңғылына дейін ойластырылған, кемшін тұсы көлеңкеде қалған өнім түсіріпті. 142 минут көрерменді жалықтыру былай тұрсын, кинодан шығып кетіп бара жатып «Екіншісі қашан шығар екен?» деп ойлануға себепкер болады.

12

Деміңді тарылтып, көзіңді сүйсіндіретін арнайы эффектілерін атап өтпеу кінәм болатын шығар: темір адамның киген киімінен бастап Нью-Йоркке портал арқылы енген Чатаури әскеріне дейін сапалы салынған. Әрине, кино саласының байлығы мен шайлығын уыстап отырған Голливудтан осыдан кем дүние күту қателік болар еді, бірақ, қиялыңның көрінісін экран көрінісі ауызға ұрып кететін сәттер санаулы фильмдерде ғана бар. «Кек алушылар» мен үшін сол саны аздардың қатарына қосылды.

Туындының тұшымды тұстарының бірі диалогтар болды. Роберт кіші-Даунидің ащы тілі мен өзге білекті батырлардың айтқан сөздері тапқырлық пен туралықты байқатады. Аяқ асты айтылған әзілдер жарқ-жұрқ еткен нажағайлы шайқастарға, ырс-ырс арпалыстарға, фантастикалық фильмдерге тән адам нанғысыз төбелестерге өң беріп, ажар қосады.

4

Фильмде қолданылған музыка да жоғары бағаға лайық. Әсіресе, көптің есінде AC/DC әуені ойнайтын жер қалады деп ойлаймын. Танымал мамандардың бірі композитор Алан Сильвестри бұл жолы да білгенінен жаңылмаған – фондық деңгейде қажетті көңіл-күй сыйлай алатын саундтар үнемі бой көрсетіп отырады.

Әрине, «Кек алушылар» алды ойға салып, арты мұңға батыратын фильм емес. Көрермен атаулыны барынша көбірек қамтып, көңіліне жағуға тырысатын коммерциялық жоба. Бағасын түсіріп айтсақ, қатардағы «попкорндық» кинолардың бірі. Бәлкім, баз біреулер «ақша шығарып, баруға тұрмайтын дүние» дер. Бірақ, қым-қуыт тұрмыстың арасында серпіліп, көзді де қуантып, күлкі ферменттерін де шақырып дем алу қажет деген пікірдемін. «Кек алушылар» сол қажетті әбден өтей алады.

6

Өмірдегі супер-жұлдыздарды экранда супер-қаһармандарға айналдырған фильмді мүмкіндік болса IMAX-та көрген дұрыс шығар. Жалпы прокатта 3D ретінде шығып жатыр. Көзілдірігіңізді сүртіп көріңіз, сосын, қаласаңыз, титр біткен соң пайда болатын көріністерді қараңыз.

P.S. Оххх, Скарлетт...


Дінмұхамед Зиядин

Киностан

618 0
Рейтинг: +0

Жазылған уақыты: 03 мамыр 2012, 21:06
Тегтер: кек алушылар, мстители, the avengers, роберт дауни, крис эванс, марк руффало, крис хемсворт, скарлетт йоханссон, джереми реннер, том хиддлстон, сэмюэл л. джексон, кларк грегг, коби смолдерс, гвинет пэлтроу, темір адам, железный человек, тор, локи, халк
Пікірлер
+0
03 мамыр 2012, 23:53

ааааааааааааааааа барам!!

+0
04 мамыр 2012, 00:58

газетке көшіріп басайын мұны

+0
04 мамыр 2012, 08:35

шынымды айтсам, екі кино да қызықтырып жүр. тек қашан, кіммен барсам екен... әлде интернеттен көре салуға бола ма екен... :?

+0
04 мамыр 2012, 09:56

"Мың баланы" білмедім, бірақ, мына "Кек алушыларды" міндетті түрде үлкен экраннан көруге кеңес беремін.

+0
04 мамыр 2012, 11:05

"Мың баланы" өзіміздікі болғандықтан көретін сияқтымын.шынымен. ал "кек алушылар" күшті, сөз жлқ.

+0
04 мамыр 2012, 09:36

Торренттен күтеміз))))

+0
04 мамыр 2012, 10:08

Фантастиканы ұнатпаймын.

+0
04 мамыр 2012, 10:17

фантастика әңгіме айтатын жігіттерді ше?))))))))

+0
04 мамыр 2012, 11:19

Ну енді, олардың қалай айтатынына қараймын ғой))))

+0
04 мамыр 2012, 10:45

Темір-терсектер туралы ма? көре алмаймын :?

+0
04 мамыр 2012, 11:20

Тауып айттың, Арнаулы. Темір-терсектер :lol: :lol:

+0
04 мамыр 2012, 12:07

"Трансформелармен" шатастырдыңыз:) Темір-терсек туралы емес:)))

+0
04 мамыр 2012, 12:14

темір тосек деп окып кап, риза боп кетцем :evil:

+0
04 мамыр 2012, 17:27

шатасқанда жаман шатасты ше! :lol:

+0
04 мамыр 2012, 12:56

тәуір кино сияқты

+0
04 мамыр 2012, 15:22

Осындай киноларды көре алмаймын ше!

+0
05 мамыр 2012, 01:37

Шатаспадым ғой. Трансформер еместігін білетінмін. Жалпы, техника, қару-жарақ, сауыт, қантөгісі басым киноларды көп ойланбай "темір-терсектер" деп салам. Мына трейлердің де түрінен түңіліп отырмын.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев