Фотоаппарат қашан пайда болды?

        Бұл айтулы оқиға кемінде 200 жыл бұрын болған, бірақ бұл өнертабыстың қажеттілігінің туындағаны соншалықты, оның даму мүмкіндігі өте кең еді.

          XVII ғасырда белгілі астроном Йоганн Кеплер суретті тегіс беттің үстінде жобалау бойынша тәжірибелер жүргізе бастайды, бұл мақсатта ол оптикалық әсерде жарықтың сыну заңын қолданды. Дегенмен мұндай суретті шығару Жозеф Нисерфор Ньепстің қолынан келді. Бұл оқиға XIX ғасырдың 20-жылдары болды. Суретті басып шығару үшін Жозеф материал ретінде асфальт лагын қолданды. Дәл осы құрылым тарихтағы бірінші фотоаппарат саналады. Оның өте күрделі болуы және көшіруге мүмкіндігі жоқтығы ғалымдардың бұл өнертабысқа деген қызығушылығын сөндіре алмады. Мәселен, Уильям Тальбот оның негативін алып, суреттің сапасын айтарлықтай жақсартып, жетілдіре түседі.

             Фототарихтағы келесі елеулі оқиға цифрлық суретті алу болды. Бұл бірінші рет 1974 жылы мүмкін болды. Ал 80-жылдары цифрлық камералардың өндірісі қарыштады. Қазіргі уақытта цифрлық фото- және видеокамералар түрлі құрылғыларда орнатылатын болған, мәселен қарапайым ұялы телефоннан бастап теледидарға дейін немесе автомобильге дейін. Ғалымдар әрдайым ең кіші әрі ең сапалы құрылғыларды шығарудан жарысып келеді. Олардың мүмкіндігі жоғары, оптика сапасы жақсы, суретті өңдеу жылдамдығы және өзге де сипаттамалары жетілдіріліп жатыр. Қазіргі уақытта фотокамераны біз саяхатта, көкке шыққанда және тұрмыста қолданып, өмірдің қызықты сәттерін естелік ете аламыз.



Бөлісу: