Автобустағы жігіт

Қоғамдық көліктермен жиі жүретіндіктен түрлі оқиғаларға тап боласың. Әдеттегідей жұмыстан шығып, өзім мінетін автобус аялдамасына келдім. Көлікті асыға күтіп тұрған жолаушылар. Күткен автобустары келе қалса жапатармағай жанталасып, мінуге асығады. Менің де күткен көлігім келді. Мінсем, жолаушылар, мен ойлағандай көп емес екен. Бір жағы қуаныш. Кіре сала орын іздеу маған ғана тән қасиет емес деп ойлаймын. Мен де орын іздей бастадым. Бірақ бос орын таппадым. Үйреншікті жағдай. Артқы орында отырған жолаушылардың басым көпшілігі жігіттер қауымы екен.Қыз болған соң орын беріп қалатын шығар деген үмітпен қарайтынымыз белгілі ғой. Ешқайсысын ондай әрекетті байқай қоймадым. Жарайды, ол маңызды  емес. Бір кезде отырған бір жігіт:" Сумкаңызды беріңіз, ұстап отырайын" демесі бар ма? Орнын берсе өзімде ұстап отырамын ғой. Бұл жерде мен жігіттерді қаралау мақсатында жазып отырғаным жоқ. Алайда кейбір жігіттерге сабақ болып қалар деген ниеттпен. Олардың бізге орын беруі міндетті емес.Дегенменде сондай бір сыйластықты күтетініміз анық.   



Бөлісу: