Кішкентай жүректегі үлкен армандар***

Кішкентай жүректегі үлкен армандар***
жеке
блог

Балалық шағымызда нені армандамадық десеңші?! Теледидардан көрген әр мультфильмімізге де,комедия киноларға да,романтикалық жанрларға да тамсанып,жатар алдында ең қызықты эпизодтарды есімізге алып,тәтті ұйқыға бататын едік...

Несі бар? Қазір де армандар таусылмайды...Адам болған соң қиялдаймыз,және сол арман-қиялдарымызбен өмір сүреміз. Естеріңізде ме, «Қиял-ғажайып ертегілер» деген сырты үлкен,қызыл-күрең жан-жануарлар туралы ертегі кітап болатын. Бірақ,әлі де ертегі оқығанды қатты жақсы көретіндердің қатарында екенімді мойындаймын))) Хош,айтпағым ол емес. Армандар жайлы...

Көп жандар  биік,зәулім сарайлары болса деп ойлайтын, ал мен, көлге жақын,орманды,таулы аймақта орналасқан,жазда жасыл шөптен кілем төсеп қойғандай,қызыл қызғалдақтары жайқалған,жидектері қызарып пісіп, «Мені тезірек теріп алшы»-деп тұрғандай бастарын төмен салбыратып тұрған,күннің батқанын ерекше әсермен қарап,таңертеңгісін керіліп тұрып таңның бозарып атқанын тамашалайтын жерде шағын ғана,сыртынан қарағанда құстың ұясындай үш бөлмелі үйде тұруды армандайтынмын. Ішінде көп заттардың қажеті жоқ,тек балалар бөлмесі ойыншықтарға толып тұрса,және шатырында шағын ғана бөлме,жазда жұлдыздарға қарап жатып отбасымызбен тәтті ұйқыға батсақ деген қиялдарым болды... Әлі де армандаймын,армандай беремін де. Сол үйде балаларыммен және асыл жарыммен ғұмыр кешсем...алаңсыз,уайымсыз...Керемет емес пе?

Жә,тым қиялға беріліп кеткен шығармын,десе де бір сәтке де осы арманымнан бас тартпақ емеспін...Сіздер де армандаған шығарсыздар? Ендеше армандар орындалатынына сеніңіздер.

Бұл мақаланы «Dit pakt niemand ons meer of» деген керемет әннің әсерімен отырып жазылды...Егер еш әсер етпесе осы әнмен,көз алдарыңызға елестете отырып оқып шығыңыз )))