Өмір-ай

Өмір-ай
жеке
блог

Сөйлесу. Жүгіру. Асығу. Танысу. Күлу. Жылау. Өкіну. Көрісу. Табысу. Тартысу. Сағыну. Жабығу. Жарысу. Қоштасу. Өмір осынысымен қызық. Өмірді қызықты ету-адамның өз қолында. Өмірде бәрі жақсы, керемет бола бермейтіндігін де білемін. Бірақ кейде адамдарға қарап, қарным ашады. Ешкімге қиянат келтірмей өмір сүру соншалықты қиын ба? Олай дейтінім, кешке қоғамдық көлікке отыра қалсаң, жоқ дегенде 2-3 адамның ұялы телефоны, қымбат бағалы заты жоғалады. Күнде осы ҰРЛЫҚ қайталана береді, тіпті әдетке айналып кеткендей көрінеді. Неге адамдар жаман іске, ұрлық-қарлыққа бармас бұрын "Менің осы әрекетімді ата-анам көрсе риза болар ма еді?" деп ойланбайды екен. Жақсылық жасау керек, егер оған шамаң келмесе, айналаңа зиян тигізбей өмір сүруге болады ғой.
Адами құндылықтан жұрдай болып барамыз. "Кімнің ұяты азайса, Құдайдан қорқуы азаяды. Ал кімнің Құдайдан қорқуы азайса, жүрегі өледі" деп Омар ибн Хаттаб айтқандай, жүрегіміз өлмей тұрғанда ақылға келіп, әр нәрсені ой елегінен өткізіп барып жасаған жөн.

Он күнәнің тоғызы тілден екені бәрімізге мәлім. Адамның сөзі түзу болса, өзі де түзу болады. Бос сөз бен әңгімеден аулақ болғанымыз жөн.

Аллаһ Елшісі Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с) айтады : "Тіліңе ие бол. Пенделеріңді тозаққа етбетінен құлататын нәрсе-тілінен тапқан күнәлары" . Сондықтан сөзіміз бен ісімізді түзесек, бәрі жақсы болады деп ойлаймын. Өмір тек бір-ақ рет беріледі. Сол себепті оны лайықты етіп өткізуге ұмтылайық.