Криштиану Роналду АПЛ-дың үздік легионері атанды

Криштиану Роналду АПЛ-дың үздік легионері атанды
жеке
блог

Бұл рейтингке қазіргі таңда «Қайрат» футбол клубында доп тебетін Андрей Аршавин де кірді.

FourFourTwo журналы ағылшын премьер-лигасында ойнаған 100 үздік шетелдік ойыншының рейтингін жариялады.

Тізімдегі бірінші орынға 2003-2009 жылдар аралығында «Манчестер Юнайтед» сапында өнер көрсеткен, қазіргі уақытта мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Криштиану Роналду ие.

Екінші орын «Арсенал» клубының бұрынғы шабуылшысы Тьерри Анриге бұйырса, үздік үштікті «Манчестер Юнайтедтің» экс-шабуылшысы Эрик Кантона түйіндеп тұр.

FourFourTwo журналы нұсқасы бойынша Ағылшын премьер лигасындағы ТОП-10:

1. Криштиану Роналду («Манчестер Юнайтед»).

2. Тьерри Анри («Арсенал»).

3. Эрик Кантона («Манчестер Юнайтед»).

4. Деннис Бергкамп («Арсенал»).

5. Дидье Дрогба («Челси»).

6. Серхио Агуэро («Манчестер Сити»).

7. Джанфранко Дзола («Челси»).

8. Патрик Виейра («Арсенал»).

9. Петер Шмейхель («Манчестер Юнайтед»).

10. Давид Жинола («Ньюкасл», «Тоттенхэм»).