Канаданың хоккей қаһармандары

Канаданың хоккей қаһармандары
жеке
блог

  Үйеңкі жапырақтылар елінің өкілдері хоккейден  басымдықты өз қолдарына мықтап алғалы міне 10 жылдан асты.Бұған дәлел ретінде олар жеңген 2 олимпиада ойындарын,Әлем біріншілігі мен Кубогын айтуға болады.Ал осы имек ағашты серік еткен ойыншылар арасында Құрама дейгейіндегі барлық бәсекеде топ жарған алтын тұяқ жігіттердің орны өз алдына бір төбе.

Осынау жүлделі жігіттердің қатарын Джонатан Тейвздың жүлделерінен бастасақ.

Олимпиада ойындары: 2010 ж.2014 ж.

Әлем чемпионаты: 2007 ж.

Стэнли кубогы: 2010 ж.2013ж.2015 ж.

Әлем кубогы: 2016 ж.

 Джонатан өзі ойнайтын «Чикаго» командасының сапында жасындай жарқылдап, ҰХЛ-да 21 жасында атой салып,ол өзінің алғашқы маусымын өткізіп жатқанына қарамай капитанның негізгі көмекшісі атанады.Осыған дейін 2007 жылы Мәскеуде әлем чемпионы атанған ол маусымды сәтті бастаған 5 үздік хоккейшінің қатарына қосылады.2010 жыл бұл ойыншы үшін өте табысты өтті.Дәл осы жылы  Олимпиада алтынын,Стэнли кубогын,2007 жылы Әлем біріншілігінің жүлдесін басынан жоғары көтерген ол осындай хоккей «триадасын», яғни «Алтын үштік» клубына енген тарихтағы 24 хоккейші атанып отыр.

ҰХЛ-дың тарихындағы ең жас ойыншы әрі ең жас капитан атанған Сидни Кросбидің жүлделер жиынтығы:

Сидни Кросби

Олимпиада ойындары: 2010 ж.2014 ж.

Әлем чемпионаты:2015 ж.

Стэнли кубогы:2009 ж.2016ж.

Әлем кубогы: 2016 ж.     

 Қазіргі 29 жасында Канада хоккейінің  символы, 20 жасында  Питсбургтың сапында ҰХЛ-дың ең жас капитаны атанды.Ал 2008-09 жылдары Стэнли кубогын алғаш жеңген ол араға 2 жыл салып алғашқы Олимпиада алтынын мойнына тақты.Жалындаған жас шабуылшыАҚШ құрамасына қарсы финалдағы овертаймда шайба соғып құрамасының қанжығасын майлаған болатын.Алайда 2011 жылы Вашингтон мен Тампа Бей Лайтинг командаларымен болған қос ойын нәтижесінде миынан зақым алып 2 жылға жуық жарытып мұз айдынға шыға алмады.Алайда 2013-14 жылдары жарақатынан жазылып өз бабын қайта тапқан Питсбургтық капитан лиганың үздік сұрмергені,үздік ойыншысына тиесілі жекелеген жүлделермен қоса екінші олимпиада алтынын қанжығалады және бұл қатарға 2015 жылғы Прагадағы ӘЧ-ның бас жүлдесін қосыңыз.Сидни капитан болған сол ойында Ресей құрамасы 6-1 есебімен тас талған болып жеңілген еді.Осы жылы жеңіп алған Әлем кубогы Канаданың асықтай алтын ұлын «Алтын үштік» клубының тізіміне енген 26 хоккейші атанды.

2006-07 жылдары Солтүстік Американың басты хоккей лигасындағы екінші маусымында Стэнли кубогын алған Кори Перри, одан бөлек:

Олимпиада ойындарын: 2010 ж.2014 ж.
Әлем чемпионатын: 2016 ж.
Стэнли
кубогын: 2007 ж.
Әлем кубогын: 2016 жылдары иеленген.

 Кезінде Райан Гецлаф, Дастин Пеннормен бас қосып ойнаған Кори лиганың ең нәтижелі триосына айнала білді.2010 жылы жеңген олимпиада,2011 жылы үздік сұрмергенге берілетін «Морис Ришар» және біріншіліктің үздік ойыншысына тағайындалған «Харт» атындағы жүлдені жеңіп алды.Жалпы ол «Алтын үштік» ұйымының санатына қосылған тарихтағы 27 ойыншы.

Патрис Бержерон-Канада хоккейінің тарихында алдымен ересектер арасында ӘЧ-ын,сосын жастар арасындағы Әлемдік доданы жеңген жалғыз ойыншы.Ең қызығы аталмыш оқиға 2004 және 2005 жылдары қатар орын алған.Патрис 18 жасында «Бостон» сапында негізгі құрамға ілігіп әлі күнге дейін осы ұжымда тер төгіп келеді.Өмірбаяны чемпиондық жолға құрылған ол екі дүркін олимпиаданы (2010-2014 ж.), Әлем кубогын (2016 ж.),Стэнли кубогынын (2011 ж.), Әлем біріншілігін (2004 ж.) жеңген имек ағаш шебері «Алтын үштік» клубы құрмет танытқан 25 хоккейші.

бержерон