13 жаста үйленіп,үй болу керек пе?!

Біздің халық ырымшыл ғой. Әрқашан бірінші болуға тырысады,екіжүзділіктен сақтанады,үш санын қасиетті санайды.Солай жалғаса береді..

Ал енді,«Он үште-отау иесі» деген аталы сөзді бүгінде тура мағынада түсінетіндер бар екен. Бұл сөздің астында қандай мән жатыр? Үйленіп үй болу ма? Әсілінде олай емесі анық. Айдос Сарым атты саясаттанушы ағамыздың бір сөзінде: «Он үште-отау иесі» деген аталы сөзді кезінде ата-бабамыз жауға аттанып,соғысқа кетерінде: «Әкеңнің,ағаларыңның орнына енді сен ие болып қаласың!»-деп аманаттап кететін болған дегені бар еді. Тіпті,көпшілік ортада топ жарып,шешім шығара да алатын. Оған қоса дүниеден өткен ағасының орнына  әмеңгер ретінде де қалатын. Оның бір себебі,13-алғашқы мүшел жас,балалықты аяқтап,жігіттіктің алғашқы белесіне аттап басатын кезең деп есептелген.

Ал,қазіргі 13 жасар бала қандай? Әлі ауыздарынан ана сүті кеппеген,ойы әлі де ойында. Бәрі демесек те,басым көпшілігі. Тіпті,анау айтқандай жоғарыдағы мысалдар «өткен шақ» болса да,біз сол жолмен келе жатқан ұрпақпыз. Ал,аманатқа қиянат жасамаған қазақ,бала тәрбиесіне қатты көңіл бөлген. Мүлдем дей алмаймын,дегенмен алдыңғының өнегесін көрсететін қарияларымыздың азайып бара жатқаны мұңайтады...

Айтайын дегенім,13 жас үйленіп,үй болу емес. Өткен заманның 13-і мен қазіргінің 13-ін салыстыруға келмейді. Дегенмен,болмасаң да ұқсап бақ деген принцип те дұрыс па деген ой ғой менікі.

Сіз 13 жасыңызда қандай болдыңыз? Есіңізде ме?



Бөлісу: