Канада елшісі хоккей ойнап жүр

Канада елшісі хоккей ойнап жүр
жеке
блог

Еліміздегі Канада елшілігі мен «Sport Concept» ҚҚ ұйымдастыруымен 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада ойындарының қарсаңында канадалық хоккеисттер «Стрижи» хоккей клубының жас спортшыларына мастер-класс дәрістерін өткізді.

Алматыдағы аулалардың бірінде жасалған мұз алаңына келгендер қызықты уақыт өткізді. Канадалық спортшылар сондай ашық, жайдарды мінезді. Балаларға ерекше көңілмен қарап, бірге хоккей ойнады. Ал біз секілді жандармен суретке түсіп, естелік сый-кәделерін тартты. Одан бөлек мұз айдынына Канада елшісі Шон Стайл мырза да шықты. Ол да хоккей ойынының қыр-сырын ашып, жас спортшыларға ақыл-кеңесін айтты.


Канада елі хоккейспортын өте жақсы көретіні белгілі. Жастайынан ұл-қыздар бұл спортпен шұғылданады. Олар хоккей спортын ұлттық спорттың қатарына жатқызады. Мұның барлығын неліктен айтып жатыр десеңіздер, дәл бүгін 1 ақпанда мұз алаңына Қазақстан-Канада құрамасы шығады. Қыздар арасындағы хоккейде кімнің жеңіске жететінін айту қиын. Бұл сұрақты Канада елшісіне қойғанымда ол «Кім жеңсе де, қуанамын. Екі командаға қолдау көрсетемін» деп жауап берген еді. Ал өзіме келер болсам, әрине, біздің қыздарға жанкүйер боламын. Бүгін кешке Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайына бірге барып, жанкүйер болайық.


P.S. Кеше ерлер құрамасы жақсы ойын көрсетіп, Швеция құрамасын ұтып кетіп еді. Біздің қыздар да жеңіске жетер деген үміттемін.