Мереке күнінде мерекелік емес көңіл-күй.

Жасың жиырма бесте немесе одан асты ма? Бірақ отбасылы емессің бе? Сүйгенің жоқ па? Онда сен міндетті түрде тез күйеуге шығуың керек. Немесе өміріңнің бар мәні тек отбасы құру болу керек. Ал ең бастысы, жолыңда "болады-ау" деген жігітті кездестірсең, жылдам соны өзіңе үйлендіруің керек немесе кем дегенде осындай ойлар сенің миың мен жүрегіңде мекен етуге міндетті. 

Мына өмірде өзіңмен өзің бақытты болуға болмайды. Олай болса не латентті лесбисің, не ұсқынсыз, ешкім қарамайтын Беттисің, не бұзылғансың, ал кейде тіпті үшеуі де бір бойыңа тоғысқан бишарасың.

Бүгінгі кездесуден кейінгі түйген ойым осы.  Бір қарағанда сыпайы және сүйкімді, әшкиінің ар жағында "вполне таки"  ақылды және саналы адамның көздері қарап тұрған сияқты болып көрінді. Аузын ашпастан бұрын. Кейін, өзім жайлы тура болмаса да, жанама, "типо" астарлы түрде көп ақарат алдым.  Осы уақытқа дейін жалғыз жүргенім өте күдікті екен. Оған қоса мен ешкімді іздеп, күйеуге шығып алуға құмар еместігім тіпт ұятсыз ойларға жетектейді екен есі бар жігітті. 

Қыз баланың хоббиі сурет, йога немесе басқа нәрсе болуы - күнә, оның басты хоббиі - ер адамның көңілін аулап, бала туып, тек солар деп тыныстау.  

Кеш ұзаққа созылмады. Ұрыс-керіс, менікі дұрыс деп дәлелдеп, айқай-шу шығармадым. Тағы бір дос деп жүргенім, бар болғаны іші қуыс "самец" болып шықты. Өкінішті..... 



Бөлісу: