жеке
блог

Толқын - Шабыт

Біссіміллә!

Тағы бір ай... (Сізде не жаңалық бар?) Не жаңалық болсын?! Күнделікті күн, күндегі уақыт әйтеуір зырлап,бір дамыл бермей өтіп жатыр. Осы ай қалай өтті?! Өмірге 5 шумақ өңделмеген өлең келді))) Бір сөзімде:"Амал не? Ақындықтың аулынан алыс адамбыз,бірақ жарықтық жазушылықтың жайлауына жақын жанбыз,"-деп едім "Амал не?" 5 шумақ өлең шығып кетті)))

Орыс тіл кабинеті. Терезеге телміріп отырған мен. Қияли Қарт Каспиймен сырласу. Ал кеттік)))

                                                Толқын - Шабыт

Көңіл құрғыр тағы да құлазыды,

Жалғасұлы қайғыдан жыр жазады.

Қайран өмір аяқтан шала берді,

Жылатты, құлатты, тұрғызбады.


Қарт Каспийім,толқыныңдай осы өмір

Тұнжырамай,толқысаңшы ой-көңіл.

Толқындайын шабыт алам өзіме

Жартасыңа соққан сәтте,Ей,-ғұмыр.


Жеңе алам ба осынау жалған өмірді?!

Қия алам ба мынау «іңкәр» өңірді?!

Айтшы маған қасиетті Қарт Каспий,

Қалайша мен,толқытайын құлазыған көңілді?!


Сырымды айтар,сырласатын жан қалмапты жанымда,

Мұңдасатын жан таба алмай келіп тұрмын жағаңа.

Толқыныңмен жеткіз маған іштегі бар мұңыңды

Ауырмасын менің қайсар,сенің қайсар жаныңда!


Толқындары толқыған-мынау өмір-көк теңіз,

Көк теңізде толқыған толқындары біздерміз.

Осы қысқа өмірде тілерім тек, бір тілек

Жеткенімше жағаға бітпесінші деміміз.

 

                                          Сағындық Баубек Жалғасұлы

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту



Жұлдызды блогтар

Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Жайлауға атпен бардық // Екіаша, Көкбұлақ, Шет Меркі, Орта Меркі
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Шет Меркі өзені, Тоғызбұлақ ауылының тамаша табиғаты
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі
Ораза айының өңірлер бойынша кестесі