Ең бірінші блогта не жазуға болады?

Ең бірінші блогта не жазуға болады?
жеке
блог

Сәлеметсіздер ме, менің достарым!Мен өзім блог жазып жүргендіктен ,блог жазу барысында біраз қиындықтарға жолығамын.  Әрбір жаңа блогер блог бастар алдында кедергілерге тап болады.Ең басты кедергі тақырып таңдай алмай, жазар ойын жинақтай алмаудаү

  Жалпы менің ең алғашқы блогым өзім жайлы болған еді.Өзімнің  өмірім , болашақ жоспарларым, кім болғым келеді,не жағып не жақпайды т.б нәрселер жаздым. Бұл менің ең алғашқы басталмай жатып құлдыраған блогым еді.Осы блогтан қандай пайда көрдім?Ешқандай!Еш адамға пайдасыз, қызықсыз блог болды. Бұлай деуімнің себебі неде?

Мен көптеген блогерлардың алғашқы блогтарын оқыдым, және олардың кейінгі жазған мақалаларымен таныс болдым.Осының барысында не ұқтым? Ұққаным ,ең алғашқы блогыңызда өзіңіз туралы жазудың қажеті жоқ .Неліктен деген сұрақ пайда болады?


Себебі, сіз танымал адам емессіз, атағы жоқ танылмаған адамдардың өмірі туралы блог оқу ешкімді қызықтырмасы анық.

Сонымен, ең бірінші блогта не жазуға болады?

1)Өзіңізге қызық тақырып таңдап алыңыз( көп қаралатын мәселелер,оқиғалар)

2)Ойлаған тақырыбыңызды кейінге қалдырмай тезірек жазып тастауға тырысыңыз

3)Бірден тақырыпқа еніп кетсеңіз, оқырмандар сіздің жазушылық қабілетіңізді байқайды

 

Сондықтан, оқырманды қызықтыратын дүние жазуға тырысқаныңыз жөн. Егер не жазарыңызды мүлде білмесеңіз шет елдік блогерлардың блогын оқып тәлім алуға болады.

Сөз соңында айтарым," жолыңнан таймай арманыңа жет!"