Армандар орындалу үшін

Бір жылға жоспар құрып қойған Лиана (алдыңғы блогты қараңыз) оны жүзеге асыру үшін енді апта күндерін жоспарлай бастады. Апта күндеріне жасаған жоспары армандарының орындалуына бір қадам болса да жақындатады деген оймен ол мынадай кесте құрды:

       Weekdays

                       Жоспар

Monday /Мандэй/

Tuesday /Тьюздэй/

Wednesday/Уэнздэй/

Thursday /Сөздэй/

Friday /Фрайдэй/

 

 Мармелад әзірлеу үшін апельсин сатып алу*

 Бриллиант жүзігімді сандықтан шығару

 Сиыр сауу туралы сауалнама жүргізу

 Бақша құбыжығын 3D форматына келтіру

 Ағылшын тілі туралы жазылатын блогтың тапсырмаларын орындау.

       Weekend

                         Жоспар 

Saturday /Сатәдэй/

Sunday /Сандэй/

Тасбақалар мекендейтін мұхитты картадан табу

Алақай! Демалыс! Енді тоңазытқыштың мұзын ерітсем болады.

*Айтпақшы, ағылшындықтар marmalade деп апельсиннен жасалған джемді айтады екен. Сондықтан Лиана біз білетін мармеладты емес, ағылшындықтардың мармеладын жасау үшін апельсин сатып алмақшы. Ал біз жеп жүрген мармелад ағылшынша fruit jelly деп айтылады.

Test:

1. Апта күндері қалай қысқартылады?

a)    Mon, Tue, Wed                      b)   Md, Td, Wn

 2. Апта күндері қандай предлогпен қолданылады?

a)    in                                         b)   on

3. Қайсы weekdays?

a)     Sat, Sun                               b)   Tue, Thu

 4. Негізі ағылшындарда аптаның бірінші күні –

a)    Monday                                  b)   Sunday

 5. Ағылшын тілінде апта күндері ... жазылады.

a)    үнемі бас әріптен                   b)   кейде бас әріптен, кейде кіші әріптен



Бөлісу: