"ST brothers" дуэті

"ST brothers" дуэті
жеке
блог

Қымбатты достар!

Сіздерге жаңа "ST brothers" атты дуэтінің құрылуы жайында қуана-қуана жар саламын! Дуэт құрамындағы ағайынды-бауырлар Тоқтар мен Серік - көптеген Халықаралық және Республикалық конкурстардың лауреаттары. Сонымен қатар, олар қазақ халқының ұлттық аспаптарында ойнауды жетік меңгерген. Қазіргі кезде Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясында білімдерін жалғастыруда. Жақын арада ағайындылардың алғашқы әніне түсірілген "Бауырым-әнім" атты бейнебаяны жарыққа шықпақ. Осы дуэтпен жақынырақ танысу үшін Сіздерді альбомдағы суреттерді тамашалауға шақырамын.