Ел мақтанышы-Елбасы

Ел мақтанышы-Елбасы
жеке
блог

Нұрлы жолда болашаққа бастаған,

Елімізде татулықты сақтаған.

Нұрсұлтандай Елбасымыз кемеңгер,

Алашымның үміттерін ақтаған.

Орындады ата-баба арманын,

Бабалардың сара жолын жалғадың.

Қазақ елін мəңгілік ел жасауға

Игі істер,жігеріңді арнадың.

Ел ертеңі білімді ұрпақ жастарға,

Зор үмітпен,сенімменен қарайсыз.

Сол үмітті талаптанып ақтауға,

Қыран құстай биіктерге самғаймыз.

Елім,жерім,Отаным көркейсін деп,

Ұлы жолдау жолдаған.

Аман болсын ел-жұртым деп

Бар жағдайын жасаған.

Орнатты жас шахарды бас қаланы,

Көркейтіп келе жатыр жас қаланы.

ЕХРО-ны жеңіп алып мақтанышпен,

Көркейтеді күшейтіп Астананы.