Бақыттымын

Болашақ жастардың еншісінде. Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты жастар Қазақстанымызды әлі талай асулардан өткізеді. Ынтымағы жарасқан кең-байтақ еліміздің жарқын болашағын олар қазірдің өзінде қалап жатыр. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі 25 жыл ішінде жастар жеткен жетістіктер жетерлік. Түрлі салада топ жарып, ел мерейін үстем етіп жүргендері қаншама. Ынта-жігер болса болды, жастардың өсіп-өсуіне, кең қанат жаюына мол мүмкіндік бар. Массагет сайты да өз кезегінде білімді де белсенді жастардың басын біріктіріп, бес жылдан бері табысты еңбек етуде. Ырыс-береке, қажымас қайрат, талмас қанат тілейміз саған, Массагет!

Нақ осындай береке-бірлігі жарасқан, тәуелсіз елде өмір сүріп жатқан әрбір жас өзін «Бақыттымын» деп айтуына толықтай негіз бар деуге болады.

P.S. Мен бақыттымын. - I’m happy.

Ал туған күн және мерекемен ағылшынша қалай құттықтауға болады? Онда да осы happy сөзі қолданылады. Сонымен,

                     Happy Independence Day! Тәуелсіздік күні құтты болсын!

                      Happy birthday, Massaget! Туған күніңмен, Массагет!



Бөлісу: