Шәкірт боп жаздым жырымды

Шәкірт боп жаздым жырымды
жеке
блог

Бастау алып бір өзіңнен,

Болашақты сезінгем.

Алғашқы әріп қаламыңнан,

Әсер алдым сезіммен

 

Оқыттың бізді төзіммен,

Бір біз деп алаң көңілмен.

Айтсам егер артық болмас,

Анамыздай көрінген

 

Еске алсам бала күнімді,

Бой жеткен бодық бұрымды.

Өткен күндер елесінен,

Шәкірт боп жаздым жырымды.

 

Жазсам егер поэзия есімін,

Шәкірттер жүр тауып бірін несібін.

Ұстаз десе жүрегімнің төрінде,

Майқынова Серікбайқызы есімің.