Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....

              Өміріңізде МӘН бар ма? Болса өміріңіздің мәні неде? Бір сәт ойланып көріңізші. Содан кейін барып блогты ақтарсаңыз болады.

Қолыма осы бір сары кітапты алғалы, ойым 180 °С-қа өзгере бастады. Тек менің емес, бұл кітапты оқыған әрбір адамның ойы өзгерері анық. Әсіресе,көп қиындық көріп жүрген немесе суицид жасауға талпынатын жандарға таптырмас дүние деп ойлаймын. Кітап негізінен Виктор Франкл атты психоаналитиктің еңбектері негізінде жазылған. Тек ол ғана емес, оқырманға түсінікті әрі қызықты, мағыналары да анық етіп құрастырылған екен. Және тек философтың еңбектерінен  ғана емес, Франклдің,Зигмуд Фрейд секілді басқа да ғалымдар мен қазақтың ақындары Абай,Шәкәрім,Ахмед Яссауй сынды тұлғалардың өлеңдері, діни әңгімелер,мысалдар көптеп кездеседі.  Жалпы, Франкл негізін қалаған Логотерапияның арқасында көптеген аймақтарда суицид жасау бірден азайған. Иә ,адам сенгіссіз жағдай! Бірақ,шындығы сол. Егер бұл кітап бізде де ертерек пайда болғанда, біздің елде де өз-өзіне қол жұмсау азаяр ма еді,кім білсін?!  Кітаптың шығуына себепкер әрі авторлардың бірі Санжар Керімбай ағамыз. Автордың сөзінше кітапты шығару туралы ой осыдан 10 жылдай бұрын шықса керек. Тек дайындығы,кітапқа жазылатын мәліметтерді іздену секілді жұмыстар осынша көп уақыт алған болу керек. Енді тақырыпқа көшсек...

 

Франклдің Логотерапия терминін ғылымға әкелудегі мақсаты-адамдардың өмір сүрудегі МӘНін таба білулері үшін. Яғни,көпшілік жандар өмірге неге келіп,не үшін кететіндерін түсіне бермейді. Әркім әр түрлі пайымдайды. Өмірде өз жолын тапқандардан бөлек, сенделіп,сарсаң өмірдің сырын біле бермейтіндер де бар. Оларда : «өмірдің ешбір мәні жоқ,не үшін жүрмін бұ дүниеде» дегендей ойлар қалыптасқан. Тіпті,өз ісінің шеберлері де бір сәт ойға батса: «Бұның бәрі не үшін яки  кім үшін тырысып жүрмін?» деген де ойлар мазалауы мүмкін.

Сары кітаптың ішінде «НЕВРОЗ ТЕОРИЯСЫ МЕН ТЕРАПИЯСЫ» атты тарау бар. Мені қатты қызықтыра түскені де осы. Неге дейсіз бе? Себебі,бұл тақырыпты мұқият оқысаңыз,көп нәрсені түсінуге болады. Парадокс интенциясының не екенін соңына дейін оқысаңыз, төмендегі мысалдардан байқайсыз.

 Бір колледжде кекеш студент оқитын. Бір шараға орай достары сахынада қойылым қою керек болады. Спектакльдің бір кейіпкері кекеш еді. Достары «ақыры кекешсің ғой,осы рольді сен ойна» дейді. Ол рольді алып,мәтінді жаттайды. Бірақ сахынаға шыққанда керісінше тұтықпайды,сау адам сияқты сөйлеп тұрады. Осылайша оны рольден алып тастайды.

 

 Мұхамбет Садық атты дәрігер былай дейді: «Біздің ауруханада 54 жасар әйел адам емделіп жатты. Ол дәрі ішпесе ұйықтай алмайтын болған. Дәріге тәуелді болып қалыпты. Түнгі сағат ондар шамасында палатасынан шықты да:

-Мен дәрімді алдырсам бола ма?-деді.

-Өкінішке орай,жоқ! Медбике қыздар бүгін жаңасын алдыртып қоюды ұмытып кетіпті,-дедім.

-Енді қалай ұйықтаймын?-деді көзі бақырайып.

-Бүгін дәрі ішпей-ақ ұйықтауға тура келеді,-дедім. Ол екі сағаттай жатты да қайтып шықты:

-Көзім ілінер емес,-деді.

-Былай етіңізші. Қызық болсын, «Бүгін ұйықтамаймын. Ерегіскенде таң атқанша ояу жатамын»деп өзіңізге серт беріңіз.,-дедім.

-Мен өзімді ғана ауруадам деуші ем. Сіз де сондайсыз ба?-деді маған бір түрлі қарап.

-Кейде маған өзімді науқас секілді болып жүрген ұнайды. Кәнекей,таң атқанша ояу отырыңызшы,-дедім.

-Шын айтып тұрсыз ба?

-Иә,төсекке жатыңызда,ерегіскенде таң атқанша көз ілмей ойланып жатам деп серт беріңіз. Сосын көресіз қызықты.

-ОК,-деді де палатасына кіріп кетті. Таңертең таңғы асқа оятуға кірсем,қорылдап ұйықтап жатыр екен.

 

Міне,бары осы. Бұл екі мысалда да парадокс интенциясы туралы айтылған. Демек,қолымыздан келмейтін дүние жоқ. Бәрін де өзгертуге болады екен. Тек қарама-қарсы бағытта өзіңізді қоя біліңіз. Яғни,егер сізді жаман ойлар мазалап,немесе бірнәрседен (қараңғыдан,иттен т.б)  фобияңыз болса, сол нәрсеге қарсы «жекпе-жек» қойыңыз. Сол кезде «оған»  қарсы тұра аласыз. Жеңесіз.

 

Логотерпаияның сыр сандығында тек бұл ғана емес, бұдан өзге де қызықты һәм ой саларлық дүниелер өте көп. Реті келсе тауып , оқып көрсеңіз,көзіңіз жететініне сенімдімін. Ал сіздің өміріңіздің МӘНі неде?!



Бөлісу: