Болғай да құтты бесігің!

Нұрфараби, жарығым,

Баязиттің ұрпағы,

Асылбектің жалғасы,

Немеремсің алғашқы.

Үміт шоғын үрлеумен

Қаншама жыл алмасты.

Алаулап атты қыр таңы,

Қаншама түндер өтпеді.

Өзге елдің өсіп ұрпағы,

Өмірде мынау өтпелі

Кешігіп жатты атаңның

Аңсай бір күткен көктемі.

Алладан тілеп көктегі,

Жаратқаннан мырза жоқ, тегі,

Бұл атаң сені армандап,

Қаншама жылды өткерді.

Ақыры Алла жарылқап,

Қақтың-ау өмір есігін.

Жатырсың жүзің албырап,

Болғай да құтты бесігің,

Болғай да құтты бесігің!

  Сүлеймен Баязитов




Бөлісу: