«Жас Ұлан» және «Жас Қыран» балалар-жасөспірімдер қозғалыстарының белсенділері және көшбасшыларына арналған «Ұланымыз ұлы елдің» Республикалық форумы»

«Жас Ұлан» және «Жас Қыран» балалар-жасөспірімдер қозғалыстарының белсенділері және көшбасшыларына арналған «Ұланымыз ұлы елдің» Республикалық форумы»
жеке
блог

 

«Жас Ұлан» және «Жас Қыран» балалар-жасөспірімдер қозғалыстарының белсенділері және көшбасшыларына арналған «Ұланымыз ұлы елдің» Республикалық форумы»

 

 

2016 жылғы 18-19 қарашада Астана қаласында «Қобыз» Сарайында «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» балалар-жасөспірімдер қозғалыстарының белсенділері және көшбасшыларына арналған 2-күндік «Ұланымыз ұлы елдің» Республикалық форумы өтті.

Форумның мақсаты балалар қоғамдық ұйымдарының рөлі мен мәртебесін жоғарлату, Қазақстан қоғамының және мемлекеттің өміріне балалардың қатысуы бойынша балалар әлеуметтік бастамаларын белсендіру болып табылады.

«Ұланымыз ұлы елдің» Республикалық форумына Қазақстанның барлық облыстарының, қалалық және өңірлік мектептердің делегациялары келіп қатысты.

Форумның алғашқы күнінде тіркеуден кейін қатысушылар 4 топқа бөлініп шебер кластарға қатысты. Екі күн ішінде балалар-жасөспірімдер қозғалысының көшбасшылары және белсенділері «Көшбасшылықтың тиімділігі», «Сәтті тимбилдинг», «Көшбасшылық: психологиялық ықпал», «Көпшілік алдында сөз сөйлеудің өнері» және «Жобалық менеджмент» тақырыптары бойынша жетекші психологтар мен жаттықтырушылардың төрт шебер кластарынан өтті.

Форумның бірінші күнінің аяғында қатысушылар үшін ҚР Ұлттық музейінде және ҚР Тұңғыш Президентінің Музейінде тақырыптық экскурсиялар өткізілді. Жас көшбасшылар сондай-ақ ордамыздың көрікті жерлерін тамашалады.

Республикалық форумның екінші күнінде жалпы отырыстың барысында «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» облыстық балалар-жасөспірімдер қозғалыстары қызметінің нәтижелері қорытындыланды. Форум қатысушыларының алдында Маңғыстау облысының ұлбасы Асқаров Нұрлыбек сөз сөйледі, Кеңесов Диас және Қарабалиева Диана Алматы қаласында «Жас Ұлан» балалар-жасөпірімдер қозғалысы туралы баяндады, Гучигова Малика «Қостанай облысындағы балалар-жасөпірімдер қозғалысының дамуы», Уайысбаева Гүльбақыт «Ақтобе облысындағы «Жас Ұлан» балалар-жасөспірімдер қозғалысы», Райханов Ержан «Шығыз Қазақстан облысында «Жас Ұлан» балалар-жасөспірімдер қозғалысы жұмысының тәжірибесі», Жақсыбаева Анар «Атырау облысындағы «Жас Ұлан» балалар-жасөспірімдер қозғалысы» тақырыбында сөз сөйледі және Матыбай Ұлдай Алматы облысында «Жас Ұлан» балалар-жасөспірімдер қозғалысының белсенділері жұмысының тәжірибесі туралы әңгімеледі. Жалпы отырыстың соңында өз ұсынымдары және тілектерімен бірге жаттықтырушылар сөз сөйледі.

Ресми отырыстан кейін балалар-жасөспірімдер қозғалысының белсенділері және көшбасшыларымен Orda FM радиосындағы «Джентльмендер Лигасы» шоуының белгілі теле-радио жүргізушісі Имашев Азамат, ақын және республикалық айтыстардың жеңімпазы Бек Шматов және «Астана Операның» жетекші орындаушысы Жұпар Ғабдуллина кездесті. Кездесу шеңберінде Форум қонақтары табысқа жетудің өз тарихтары туралы айтып берді, қатысушылардың сан алуан сұрақтарына жауап берді және соңында «Манекен челлендж» флеш-мобын өткізді. Қатысушылардың айтуынша, Форум қонақтары белсенділерді жаңа идеялармен және оң қуатпен жігерледі.

Форум аяқталғаннан кейін қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.

Жас Ұлан» және «Жас Қыран» балалар-жасөспірімдер қозғалыстарының белсенділері және көшбасшыларына арналған «Ұланымыз ұлы елдің» Республикалық форумын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «Әлем» Волонтерлық орталығы» заңды тұлғалар бірлестігі ұйымдастырды.