Дееееееееееееееееп қоя ма))))))))))

Дееееееееееееееееп қоя ма))))))))))
жеке
блог

   Жайнаң қағып үйімізге Рахат кіріп келді. Осы жігіт келсе болды үй-іші мәре-сәре боп қалады. Тамадаға 1 табан жақын болғаннан соң ба, бәрімізді аузына қарататын. Шаштары бұйра-бұйра түріне де қарасаң 1жымимай тұра алмайтынсың...

          Театр бөлімінде оқып жүргендегі қызықты әңгімелерін тыңдаудан жалыққан емеспіз. Сондай 1әңгімесімен бөліссем деймін. Өз аузынан естігендей болайық:

            ”Ең бірінші балетке арналған лассина кигенде, отырып-секіру былай тұрсын ұяттан жерге кіріп кете жаздағам. Былай да тартқылап былай да жұлқылап, одан қалса қолыммен алдымды жауып тұратын болдым. Ой адам баласы 3 күннен кейін көрге де үйренеді демекші, біраз уақыттан соң сол жабысқақ бәлеммен дәлізде секіріп жүретін болдым, бара-бара неше түрлі ПА жасап адамдармен амандасатын дәрежеге жеттім))).

Сөйтіп құтырып жұлдыз боп жүрген кезімде 1 дөкейдің көзіне түсіп қалсам керек. -Бізде жақында жаңа жыл болады. Соған аяз ата керек. Сол сен боласың, - дегені бар емес па: -Төбемнен жай түскендей болды бұйрық па өтініш па ұқпай қалдым. Өз көлеңкемізден қорқатын кез ғой.. Сөйтсем, өтініш екен, туууй боласың ба десе өтініш екенін ұғасың ғой. Уфф дедім. Не керек осының бәрін орыс тілімен айтты. Орысша 1 ауыз стрелять етпейтін кезім ғой. Өзімше «отказываюсь» дедім. Даже за такие деньги, - деді. Ақша сөзін ести сала, көзім жайнаң қақты. Сол мезетте сол алынбай жатқан ақшаға жоспар құрып жібергенсің ба)) Не керек «Согласно», - дедім. ”Жатпай тұрмай жаңа жылдық терминдерді, құттықтауларды жаттай бастадым.. Қиын сияқты.. Секунд минутқа, минут сағатқа, сағат кунге ұласып, жаңа жылдық кеш болатын кезге де жетіп қалыппыз. Кеш дүрілдеп жатыр. Аяз ата шақыратын кезге де жетіп қалды. Дедушка Мороз, Дедушка Мороз. Эй, Дед Мороз выходи, -деп қояды.

       

               Жүрек         __/\_/\_______________//\ қағысы жиілеп, аяқтарым тұрған жерінде қағылғандай, ойыма ақша-ақша аласың деген сөзді түйіп алып, жай-жай нағыз шалдай жыбырлап келемін. Елдердің қуанышында шек жоқ. Ал, орыс тілінен емтихан тапсыратын мезгіл де жетті. Здрааавстуйте, дети... Не керек елдер амандасып жатыр. Мен орысша айтқаныма мәзбін. Ары қарай жалғасын айтудың  орнына ДЕЕЕЕП ҚОЯ МА, - деппін. Адамдар түсінбей қалды. С НОВЫМ ГОДОМ, ДРУЗЬЯ деп айтып үлгермей жатып қайтадын ДЕЕеееееП ҚОЯ МА дедім. Қазақша түсінетіндері жатқандары жатып,т ұруға шамалары барлар тұрып күлді..))))) Кеш біткенше әр орысша фразаның артында өзіміздің қазақи жаргон «дееееп қоя ма»сөзімен ол кеште аяқталды. Енді сол ағамның Рахат деген досының сөзін өзімнің де қоржыныма іліп ала қойған жайым бар.

Ал, сіздің ең көп қолданатын сөзіңіз қандай, - деееп қоя ба))))