ҚазҰУ-дың "жаңа толқыны"
жеке
блог

ҚазҰУ-дың "жаңа толқыны"

ҚазҰУ -  басқа оқу орындарынан тек білім жүйесімен ғана емес, түрлі жобаларымен де ерекшеленетін университет. Сондай жобаларының бірі - "Жаңа толқын - 2016" . Ұйымдастырушылары - "Сұңқар" студенттер мен магистранттар кәсіподақ ұйымының жалынды жастары.

"Жаңа толқын" ҚазҰУ да осымен 3 жыл қатарынан дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Биылғы толқын алдыңғысынан өзгеше. Жаңа қарқын, жаңа бейнелер. Концерт басталғаннан-ақ көрерменнің ықыласын аударды. Дәстүрлі әнді қыз бен жігіт боп нақышына келтіріп орындады. Мұнан бөлек гитарада, синтезаторда әндер шырқалды. Әсіресе, қазіргінің хит әндері орындалғанда, студенттердің қолдауы ерекше болды.  Нұрлы мен Данабек есімді жүргізушілер кешті одан сайын қыздыра түсті. Бишілер классиканы да,  заманауи  биді де өз деңгейінде биледі. Тіпті, адамның көзіне еріксіз жас үйіртерлік қойылымдар да болды. Сезім сырларын бейнелейтін қыз бен жігіт монологы тіптен керемет. "Балмұздақтардың" өнеріне ҚазҰУ студенттері дән риза.

Кеш соңында, "Сұңқар" студенттер мен магистранттар кәсіподағының төрайымы Шұғыла Мейрамбекқызы сөз алып, бүгінгі кеш туралы өз ойын жеткізді. 1-курс студенттеріне алғыс хат табыстап, үздіктерін "ҚазҰУ төсбелгісімен" марапаттады.