Яо Миң - танымал мем

Яо Миң - танымал мем
жеке
блог

Интернет қолданушылар байқаған болар, біраз уақыттан бері мына жоғарыдағы сурет көптеген комикстердің жұлдызы болып жүр.

Яо Миң (Yao Ming) деп аталатын мем 2011 жылғы ең танымал мемдер қатарына кірді. Яо Миң жарқын күлкісімен бүкіл Интернет қауымын жаулап алды. Дәл осы түрі «Пофигист», «Fuck That Guy» немесе «Dumb Bitch» деген мағына береді. Осы мем қалай пайда болды, сол жайлы қызық ақпараттармен бөліспекпін.


Яо Миң – танымал қытай баскетболшысы, 1980 жылы Шанхайда туылған, алайда кейін АҚШ-қа қоныс аударады. Сол жақта бағы ашылып, танымал баскетболшы болады. Бойы 2 метр, 29 см құрайтын оған баскетбол ойнау борыш болып саналғандай. АҚШ-та Хьюстон Рокетс командасының беделін қорғаған, бірақ кейін денсаулығының нашарлауына байланысты баскетболдан кетеді. Бойы ұзын адамдар үшін тізе ауруы қалыпты құбылыс екен.

Яо Миңтің телеарналарға берген бір сұхбатында оның жарқын күлкісін қағып алған репортерлер газетке шығарады. Ал кейін фотошоппер жастар Интернет бетіне таратып жібереді. Яо Миң жарқын күлкісімен күлетін сәт:

Яо Миң фейс – бұл адамның ештеңе басы ауырмайтынын, бәріне түкіргені бар екенін білдіреді. Бұлай Интернет бетінде түрлі комикстердің жұлдызы боламын деп үш ұйықтаса түсіне кірмеген болар...

Айтпақшы, 2004 және 2008 жылдардағы Олимпиада ойындарында Яо Миң Қытай туын алып жүрген спортшы.

Бұл да оның өз елінде қаншалықты беделді екенін көрсететін сияқты. Сонымен қатар, ол Аспан асты елінің ең бай, әрі танымал адамдарының қатарына кіреді. Ал енді бүкіл әлем бойынша танымал мемдер қатарына да кірді.

Біздің елде осы меммен танымал комикстерді ұсынамын: