ҚазҰУ: Студенттер қатарына қабылдау салтанаты - 2016

ҚазҰУ: Студенттер қатарына қабылдау салтанаты - 2016
жеке
блог

  Жылдағы дәстүр бойынша Қазақ Ұлттық Университеті өткен аптада 1-курс студенттерін ресми түрде студенттер қатарына қабылдады. Салтанатты іс-шара «Алтын Белгілер» парадымен басталды. Осы жылы 4000-ға жуық мектеп түлектері ҚазҰУ студенті атанып отыр. Салтанат жылдағыдай жоғары деңгейде өтті.  Рио-де-Жанейро Олимпиадасында жүзу спорты бойынша алтыннан алқа тағынған ҚазҰУ-лық студент Дмитрий Баландин ресми шараның құрметті қонағы болды. Сондай-ақ, университет ректоры Ғалымқайыр Мұтанұлы сөз алып, студенттерді құттықтап, оларға ресми түрде студенттік билет пен сынақ кітапшасын табыс етті.

   Бұл шара студент атанып отырған жастарға университет тынысы мен студенттік өмірді толықтай таныстырып өтті. Қара шаңырақтың қабырғасында өтіп жатқан әрбір іс-шара, жұмыс жасап жатқан әрбір үйірме бәрі-бәрі әсем ән, ырғақты бимен сахналанды.

    Салтанатты шара студенттер вальсімен аяқталды. Ал, олардың  ақ тілектерімен бірге ұшырылған шарлары әсем шамдармен ажарланып тұрған қалашықтың аспанын  түрлі-түстермен жандандыра түсті.

   P.S. Биылғы жыл ұлттық университет үшін сәтті болды. Олай дейтініміз, аталмыш оқу ордасы Орталық Азия мен Қазақстан университеттері арасында бірінші болып, әлемнің ең үздік 250 университетінің қатарына 236-үздік университет болып енді.

  Сонымен қатар, дәл білім күні  университет алдынан «Мәңгілік ел» қақпасы бой көтерді.

    Жарқын істердің жалғасы ретінде Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин атындағы жүзу бассейіні ашылды. ҚазҰУ қалашағында бой көтерген жаңа нысаннан талай ел намысын қорғайтын, көк туымызды көкке көтеретін олимпиада чемпиондары шағатынына сеніміміз мол.