Папа, мен сізді алты баққа шығарамын...

"Папа, мен сізді алты баққа шығарамын". Не айтып отыр деп тұрсыздар ма? Бұл менің папама берген уәдем ғой... 

- Қызым. мені үш баққа шығарасың ба..?

- Жоқ папа, мен сізді алты баққа шығарамын... Міне, бұл менің 4-5 жасымдағы папама берген уәдем. Осы сөзімді естігенде таныстарымыз мазақ етіп күлсе, ата-анам ерекше мәз болатын. Кішкентай кезімдегі бұл сөзді өсе келе түсіндім ғой. Бұл сөз түсінген адамға: "Әкенің – үкілі үміті. Қыздың – алып қиялы. Ананың – аялы арманы" екен. Бәлкім, алты бағы несі, расымен қияли қыз екен деп отырған боларсыздар? Ендеше мен сіздерге айтып берейін. Алты бақ дегенді кезінде мен де жай асу деп ойлайтынмын. Таудағы алты қырдан ассам, осы алты бақ деп ойлаған едім. Сөйтсем ол кішкентай кездегі қыздың қиялы екен ғой. Қазіргі алты баққа шығу үшін де талай асудан, талай қырдан өтуім керек. Бірақ, бұл асулар, бұл қырлар – өмірдің соқпақ жолдары, болашаққа деген талпыныс... Егер мен жақсы маман иесі болып, әкемнің атын шығарсам, әкем "менің қызым" деп ауыз толтырып айтардай жақсы адам болсам әкеме берген уәдемді орындағаным. Оған жету қиын екенін, ұзақ уақытты талап ететінін білемін. Кедергілер қазір де жоқ емес. Бірақ мен бәрін жеңіп шығамын. Маған сенбегендерді, менен озам дегендерді шаң қаптырып кетемін. Алла қаласа, осы мақсатыма жетемін... Егер осы мақсатыма жетсем, анамды да аялы арманына жеткіземін ғой. Папа, мама, аз қалды, мен сіздерді алты баққа шығарамын...

Алланың көзі түзу болғай!



Бөлісу: