Есімізді білгелі өнердеміз

Есімізді білгелі өнердеміз
жеке
блог

Осыдан 3 – 2 жыл бұрын "Жігіттер" тобының мүшесі Айдар Байжанов ағаның "Дүние ай" атты әнді жаңадан өңдеп, Мұхтар Қожа аты талантты жігітпен дуэт орындағаны өте қатты ұнаған болатын. Содан бері Мұхтардың тыңдарманы болдым. Біраз уақыт өте келе, Мұхтардың Мұхан атты жігітпен дуэт құрып жатқанынан хабардар болдым. Мұханды да ән өңдеуші ретінде жақсы білемін. Бірнеше хит әндерді өңдеген. Арада уақыт өте жігіттер топтың есімін бірнеше рет өзгертті. Енді олар "Ханзада" тобы. Өте талантты жігіттер.

Бүгін сәті түсіп, жүздесіп, сұхбаттасқан едік.

Фариза: Сұхбатты бастамас бұрын өздеріңіз жайында айта кетсеңіздер.

Мұхан: Біздің топтың аты – Ханзада. Менің есімім – Мұхан. Қасымдағы жігіттің есімі – Мұхтар. 

Мухтар Мухан

Фариза: Топтарыңыз қашан құрылды?

Мұхан: Негізі Ханзада тобының құрылғанына біраз жыл болған. 5 жылдай болды. Бірақ, аты ауысып – ауысып ортада үзілістер болып қалды. Біріншіден, Мұхан Мұхтар атымызбен шықтық.Одан кейін "Алшы" тобы болып Turkvision 2015 қатыстық.Осыдан 1 жыл болды "Ханзада" болып өзіміздің нүктемізді қойдық.

Фариза: "Ханзада" деп топтың атын кім қойды?

Мұхтар: Ағамыз, продюсеріміз – Жан Мұқанов.

Фариза: Яғни сіздер продюсермен жұмыс жасайсыздар. Қиын ба продюсермен жұмыс жасаған?

Мұхтар: Өте керемет! Оңай. Егер де адамгершілігі кең, пейілі кең, өзі жақсы адам болып тұрса, несі жаман.

Фариза: Басқа қандай өнерлеріңіз бар?

Мұхан: Мен күйді бітіргенмін.Домбырашымын. Оркестрда ойнағанмын.

Мұхтар: Есімізді білгелі өнердеміз. Өнер саласында жүрміз. 

Фариза: Сіздердің өзге де орындаушылармен бірге дуэт орындап жүргендеріңізді білемін. Тағы да қандай өнер жұлдызымен дуэт орындау ойларыңызда бар:

Мұхтар: "Мына әнші" - деп нақты шешілген жоқ. Бірақ, жеке шығармашылықты дамыту ғой. 

Мухан Мухтар

Мұхан: Қазіргі таңда "Жігіттер" тобымен дуэтімізді жаздық. Ең беделді топтардың бірі Қазақстанда. Және Тамара Асармен. Жоғары деңгейлі әнші деуге болады. Енді сол жазылған әндерге бейнебаян түсіріп, халыққа паш ету.

Фариза: Қазір біздің көптеген өнер жұлдыздар телеарнада жүргізуші болады, бірнеше саланың басын ұстайды. Сіздер де жүргізуші болу ойда жоқ па?

Мұхан: Бірінші орында біз – әншіміз. Орындаушымыз. Ал, ұсыныстар болып жатса, көреміз, тырысамыз.

Фариза: Жеке шығармашылықтарыңызда не жаңалықтар болып жатыр?

Мұхтар: Жаңа әндер жазылып жатыр. 4 – 5 әндей дайын тұр, Жақында шығады. Жақын арада тыңдайсыздар. Ой, ниет өте көп, Алла қаласа. 

Фариза: Сұхбаттарыңызға рахмет!