Керемет күн....

Керемет күн....
жеке
блог

   Оқу жылы сәтті аяқталып, қып-қызыл диплом қолға түсіп біраз уақыт демалдым.Әрине, демалыс күндерім Массагетіммен бірге өтті.Көзді ашып-жұмғанша демалыстың алғашқы айы да зулап кетіпті. Осы уақыт ішінде достарыммен армансыз қыдырып, демалдық. Сыныптас құрбымның туылған күнін ерекше етіп атап өттік.Сыныптас жігіттердің арқасында шашлыкке әбден тойдық.Туған күн иесіне арналған торттың түрін көрмесекте дәмін татып, ойға келмеген тапсырмаларды орындадық.

   Құдды бір туған күн кеші емес фотосессияға барғандай сезіндім өзімді.Мына жақта жігіттер түтінге "тұншығып" жатса қыздар "тарсылдатып" суретке түсіп жатыр.Не дегенмен де өте керемет кеш болды.

Пы сы: керемет кештің соңы масалармен күреске ұласты.Дегенмен достарыңмен өткізген бір күніңнің қасында масаның әуені түк емес екен.Енді қашан дәл осылай басымыз қосылар екен?