«Бірлестік жолы: Инклюзивті қоғам, мүмкіндігі шектеулі жандардың проблемалары мен шешілу жолдары» дөңгелек үстелі

«Бірлестік жолы: Инклюзивті қоғам, мүмкіндігі шектеулі жандардың проблемалары мен шешілу жолдары» дөңгелек үстелі
жеке
блог

Ағымдағы жылдың 21 маусымында «Нұр Отан»  партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының Ақмола облыстық филиалы «еКОМЕК» қоғамдық қорымен бірлесе, Ақмола облысының жастар мәселелері басқармасының қолдауымен  «Бірлестік жолы: Инклюзивті қоғам, мүмкіндігі шектеулі жандардың проблемалары мен шешілу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Шара «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында өтті.

Пікірталас барысында Ақмола облысында мүмкіндігі шектеулі адамдарды қолжетімді баспана мен ортаны қамтамасыз ету сұрақтары, жоғары қажеттілігі бар жандарды жұмыспен қамту қиыншылықтары, аймақта әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту болашағы талқыланды. Кездесу модераторы «Жас Отан» ЖҚ аймақтық филиалының төрағасы Жанаргүл Жунусова болды.

Басты тақырыптар бойынша «еКОМЕК» Қайырымдылық қоры» ҚҚ президенті, «Бәйтерек» Ұлттық Холдингінде әлеуметтік сұрақтар бойынша штаттан тыс кеңесшісі, қоғам қайраткері, блоггер Алмаз Ержан, «ДОРСТРОИТРЕСТ» ЖШС жанындағы «ЭКОР» Орталығының жетекшісі Жадрасын Садуақасов, жарымжан жандардың сұрақтары бойынша Көкшетау қаласы әкімінің кеңесшісі Рамазан Мұқатаев пен облыстық Жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары Алтын Ақбарова көпшілік алдында сөз сөйледі.

«Бүгін кездесу мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмірін жақсарту мақсатында ұсыныстар қабылданған сындарлы сұхбатқа айналды. Осындай шаралардың арқасында қызығушылық танытқан тұлғаларды тартып, қолжетімді баспанамен қамтасыз ету сұрақтарын заң жүзінде ұсыныстар дайындаймыз. «Нұр Отан» партиясының қолдауы арқасында жоспарларымызды жүзеге асырмақпыз!», - деп ойымен Алмаз Ержан бөлісті.