Сый...

Көктемгі сиреннен,
Көктеуді үйренгем.
Көгілдір жұпарды
Сепкенді үйренгем.
Келсе егер сый бергің,
Сый ең дүр-сирень гүл!
Көктемнің көзінен,
Байқатпай сүйген гүл!Бақтамын...сиреннің,
Жұпарын сүймес кім?!
Тәңірмен тілдескен
секілді күй кештім.Сирень гүл түймең көп..
Сырымды түйгем көп.
... –Мінекей,сирень,- деп
Қуантса Сүйген кеп.Көктемде сирень көп...Әлия ІҢКӘРБЕК


Бөлісу: