Сәби

          Халық арасында «Ата-ананың қадірін, балалы болғанда білесің» деген дана сөз бар. Әр пенде өз баласына жақсы әке, жақсы ана болуды қалайды.  Дүниеге келген сәттен оның алғашқы сөзі қандай болар екен деп қуана күтумен, жұпар иісін иіскеп, құшақтаумен, тәтті періште ұйқысынан (көбі түнде  жылағанын қаламайды*) алғашқы қадамдардан, балаға деген сағыныштан, ата-ана мейірімін берумен басталады. Заман өзгерді, сәби бақытынан, сәби зары көбейе бастады. Соңғы жаңалықтардан барлығымыз хабардармыз. Бұл жайында басқа блогымда қозғармын. Әйел заты көбіне ерлер қауымы іс тігер қыз баладан қарағанда, тізгін ұстар ұл жақын деп қателеседі. Мүмкін ер адамдардың көбі тұңғышы тізгін ұстар болғанын қалар, бірақ бастысы ол сенің балаң!!!  Кейбір отбасылар бар ата-анасына қызы көмек көрсетумен болса, ұлы тек жеумен болатын. Сондықтан тұңғышын ұл ма әлде қыз ба маңызды емес, бастысы ол сенің қуанышың, қызығың, барың. Әке әрқашанда ұлымен спорт зал, аңшылық, балыққа баруды армандаса, қыз баласымен де уақытты көңілді өткізеді. Мысалға шаш өру, ас үйде бірге тамақ істеу (бірақ барлығын соңынан анасы жинайды*), үйде жақын шоппинг ұйымдастыру (әйелінің ұнататын көйлегін ер адам қашанда қызынан тығып, көрсетпеумен болады, неге деп ойлайсыңдар? егер сол көйлек бұлінсе... сөзбен суреттеу мүмкін емес не боларын, (жеке өз басым болашақта) көбі әйелімен тағы шоппинг аралап, ұнатқан көйлегін алмай мазалағанын қаламаймын*, бірақ бәрібір қалағаның алады). Аналарымызға рахмет, мәңгі қасымызда болсын. Ана мейірімін жеткізуге тіл байлығым жетпейді, ана үшін қашан да сәби болып қаласың. Қуансаң да, жыласаң да қашанда қасыңда. Сырыңды көбіне анана ашасың. Қарапайым мысал: бәріміз қолымыздағы телефоннан әке және анамен қанша минут сөйлестік қарайық. Сәби-шаршап келген кезде, барлығын ұмыттыратын, кім үшін өмір сүріп жүрсің, кім сені үйде түнімен ұйықтамай, бөлмесінің есігін аша бергенде, өтірік ұйқыға кетіп, бетінен сүйіп, құлағына «Қайырлы түн!» сыбырлап тілегенің тосумен болады. Сәби-бұл періште.


Бөлісу: