Әкем екеуіміз отырғызған алма ағаш.

                Әкем екеуіміз отырғызғаң алма ағаш. Жаз айлары. Ызғарлы аяз қыстаң аман-есен шыққан халықтың жүзіңде қазір тек қана күлкі. Тіршілік көзі 4 түлік малдары, қазіргі уақытта жайлауда. Өзен жағалай,шулап,шомылып,қызыққа батып жүрген жас балалар. Ауылдың шетінде үлкен алма ағашының көлеңкесінде Жұман ата немересі Дастанмен ойнап,немере қызығын көруде. Жас кезіңде бұл алма ағашың Жұман ата марқұм әкесімен отырғызып, күтіп-баптап өсірген,сол алма ағашының көлеңкесінде әкесінің ақылдарын тындап, жігітке тән серілік өнерлерді үйреніп, тіпті осы ағаштың дәмді, қып-қызыл алмасымен сүйікті жары Бәти апаға сезімін білдірген. Алма ағашы қазіргі таңда Жұман ата үшін қайтып келмес балалық шақтың, әке бейнесің еске түсірер орны бөлек естеліктердің бірі. Немересі Дастан 7 жаста болсада,осы ағаштың саясында атасынан қамшы өруді,домбыра тартып, атты күрмеп байлауды үйреніп алды. Бұл ағаштаң үзіліп түскен алманы қолма-қол теріп алмасаң, жер құрттары да бұл ағаштың алмасына жерік. Түскі уақыт,Бәти апа алыстан айқайлап дастархан басына шақырып жатыр. -Ата ана алманы алып берш,менің қолып жетпейді -Міне немерем, ас болсың жейғой-деп атасы немересі көрсеткен алманы жұлып беріп,немересінің қолына ұстатқаны сол еді,қолына алма тиген бетте немересі байлаулы тұрған, тай кезінде Наурызға бәйгеге шауам, апа саған кілем әкеп беремің деп, талай жерге жамбасымен құласада, өзі үйреткен Ақбоз атқа қарай жүгіріп барып, маңдайынан сипап,қолындағы алмасын жегізіп жатты. Немересінің бұл қылығын Жұман ата үн-түнсіз таяғына сүйеніп, сүйсініп тамашалап тұрды. Кешкі уақытта бұл алма ағашы ауыл жастары бас қосып  жиналатын орын. Мал өрістең келген бетте, үйдің тіршілігін бітіре сала ауыл жастары осында асығады. Алау жағады,ән айтып,би-билеп,сырласып,сауық-сайран құрады. Алма ағашын ауыл жастары махаббат ағашы деп те жатады. Оған себеп алма ағаш айнала қоршаған темір қоршауларға, ғашықтардың құлыпқа өз аттарын жазып, темір қашаларға бекітіп,кілтті арнайы алма ағашының ең биігінде орналасқан жәшікке салатын. Кілтті салуда жігіт қызының алдында мазаққа қалмау үшін, әу-бастан осы алма-ағашына шығуды үйренетің. Алма ағашының маңайына осыдан 5-6 жыл бұрын жастардың бастамасымен көшектер отырғызылған болатын. Барлығы уақытымен,бұйыртса сол көшектерде жалғызсырамай, жаны бар алма ағашындай болар!!!


Бөлісу: