Алдау иллюзиясы 2

Алдау иллюзиясы 2
жеке
блог

Кейде маған мынандай сұрақтар келеді "біз неге өмір сүріп жүрміз?", "біздің мақсатымыз не?" деген сияқты. Енді оған тағы бір сұрақ қосылды "мен кімнің проекциясындамын?" деген. Бұл сұрақтың бәрі бүгіннен бастап кинотеатрларда көрсетілетін "Алдау иллюзиясы 2" киносын көргесін туындады.

Кино жайлы көп нәрсе айтуға болады, бірақ бір көргенге жетпейді. Алдау иллюзиясын көрген адамдарға бұл тағы бір ерекше туынды болары сөзсіз. Себебі, кинодағы адамдарды ғана емес сіздің де санаңызды алдап тастайды. Өз көзіңізге өзіңіз сенбейтін жағдайға жетесіз.

Сонымен, алдыңғы бөлімде ірі магнатты алдап, бір адамды түрмеге отырғызған 5 всадникті (иллюзианистерді кинода солай атайды) бұл жолы басқалар алдап торға түсірмекші болады. 

Киноның эффектісі, идеясы ұнады. Әсіресе Атластың жаңбырмен жасаған трюгы ерекше болды. Керемет! Өмірде шынайы осындай магияны көргім келеді. Кеше бізге Chaplin MEGA Parkта Жеңістің көрсеткен трюгыда ерекше болды. Кубик-рубикті 2 секундта жинап тастады. 

Чипты ұрлауға барған кездегі бәрінің картамен жасаған трюктары да ұнады, ерекше. Негізі өмірде керек нәрсе, осындай ептілік ешкімге артық етпес еді.)) 

Киноны көріп отырып, өзің туралы ойланып кетесің, мүмкін бізді де біреулер осылай алдап жүрген шығар иа. Дегенмен, всадниктер өздері Робин Гуд сезінеді. Негізі кинодағы трюктарды көру керек.