Ерке Есмахан миллионер атанды!

Ерке Есмахан миллионер атанды!
жеке
блог

      Соңғы уақыттарда хитқа айналған «Алло» әнінің орындаушысы танымал әнші Ерке Есмахан Instagram әлеуметтік желісінде Миллионер атанды. Бұл туралы әнші өзінің инста парақшасында өз оқырмандарымен бөлісті. Ерке өзінің оқырмандарына алғысын айтып, ерекше сыйлық жасапта үлгерді. Әнші өзінің қос оқырманына өзінің сахнаға ең көп киген қос көйлегін сыйға берді. Ал біз өз тарапымыздан Еркеге тек сәттілік, шығармашылық табыс тілейміз. Ел есінде қалатын ерекше әндері көбейе берсін.