Инстаграмдағы жазылушылар саны миллионнан асқан қазақстандық жұлдыздар

Инстаграмдағы жазылушылар саны миллионнан асқан қазақстандық жұлдыздар
жеке
блог

Инстаграм ашылған кезде инстаграмды жасаушылардың өзі мұндай сәттілікті күтпеген шығар. 2015 жылдың 22 қыркүйегіндегі есеп бойынша инстаграм әлеуметтік желісіне 400 миллионнан астам адам тіркелген. Статистика бойынша ең көп жазылушылар мен лайктарға өнер жұлдыздары ие болады. Қазіргі кезде бұл тізімді әнші Селена Гомес бастап тұр. Жазылушы саны -  79 млн 600 мың.

 

restock the bus -grocery shopping in Saskatoon

Фото опубликовано Selena Gomez (@selenagomez)Май 18 2016 в 9:55 PDT

Екініші орында әнші Тейлор Свифт тұр, оның жазылушылар саны - 77 млн 700 мың. 

Қазақстандықтарда әлемдік трендтен құр алақан емес. Қазақстандық жұлдыздардың ішінде кім миллион жазылушыға ие екенін көре кетейік. Қазақстандық өнер жұлдыздарының жазылшылар саны жағынан көшті танымал продюссер Баян Есентаева бастап тұр. Қазіргі кезде продюссердің 1 млн 500 мың жазылушысы бар. 2- орында әнші, тележүргізуші, актриса Аша Матай - 1 млн 300 мың. Үздік үштікті Қазақстандағы ең танымал әнші Қайрат Нұртас қортындылап тұр. Жазылушысы  - 1 млн 100 мың

Ары қарай 1 млн жазылушысы бар жұлдыздар қатарына Айдана Меденова, Камшат Жолдыбаева, Мадина Садуақасова, Айқын Төлепберген, Қарақат Әбілдина, Сәкен Майғазиев кіреді. Жақын күнде бұл тізімге Ерке Есмаханда қосылуы мүмкін, себебі қазір әншіде 983 мың жазылушы бар. Қазір танымал болып келе жатқан әнші Төреғали Төреліде 859 мың жазылушы бар.

Халықтың сүйіктісі атанған әнші Мейрамбек Беспаевқа бар жоғы 829 мың адам жазылған. Осы тізімге өз видеоларымен елдің ықыласына бөленген Нұрлан Батыровты қосқым келеді. Себебі оның да жазылушылар саны 1 млнды құрайды. 

Біздегі жұлдыздар ең кемі 10 000 жазылушыға ие. Әрине, бұл жарнамаға төленетін ақшаның 50%-ын осы жаққа кетіп жатқанының тікелей дәлелдемесі. 

Айтпақшы, маған жазылып қойыңыз :). Санақтың қай күнгі екенін жазып қояйыншы, себебі бұл тізім күнделікті жаңарып отырады. 2014 жылы жариялаған мына блогтағы цифрлар қатты өзгерген, салыстырсаңыздар болады.