Инстаграмдағы танымал қазақ жұлдыздары

Инстаграмдағы танымал қазақ жұлдыздары
жеке
блог

Әлеуметтік желі - қазіргі күннің ең мықты қаруына айналып барады. Тіпті біреулерді әлеуметтік желіге жазам деп қорқытсаңызда болады. 

Бүгін әлеуметтік желілердегі жұлдыздарды саралап көрсек. Оның ішінде Инстаграм әлеуметтік желісіне тоқталсақ, себебі Қазақстандық жұлдыздардың басым көпшілігі осы желінің қолданушылары екен. Қазір жұлдыздардың әлеуметтік желісіне қарап-ақ өзің жаңалық құрай беруіңе болады. Әлемдік басылымдар көбіне осылай жаңалық жазатынын көріп жүрмін. Сонымен алдарыңызда жұлдыздардың инстаграмы, бұл есепке тек 27 000 жоғары жазылушылары (табынушылары) бар танымал адамдар ғана ілікті:

Олар тек өздерін ғана емес отырған жерлерін, барған жерлерін, концерттерін, тамақтарын, достарын, киімдерін, тіпті өз бетшелері арқылы жарнамада жасап жатады. Меніңше, жарнаманың ең мықты түрі де осы сияқты, "бір оқпен екі қоянды" атып алып риза боп отырасың. Ондағы сандарды көрген кезде өзім таңқалдым, оншалықты көп сан біздің әлеуметтік желілерде күтпеген сияқтымын. Дегенмен де, жұлдыздардың өмірлері елдің бәріне қызық екенін осы сандар оңай дәлелдеп бергенге ұқсайды. Ең бастысы, бұл сан осымен тоқтап қалмай күн санап өсе береді. 

Баян Есентаева: жазылушы саны-166 547, күніне 4-7 сурет салынады, әр сурет 6000-16000 лайк жинайды. 

Айнұр Нұрсейтова: жазылушы саны-96 793, күніне 2-15 сурет салынады, әр сурет 1000-5000 лайк жинайды.


Айқын Төлепбергенжазылушы саны-92 317, күніне 2-3 сурет салынады, әр сурет 1000-7000 лайк жинайды.

Қарақат Әбілдина: жазылушы саны - 79 944, күніне 2-5 сурет салынады, әр сурет 1000-6000 лайк жинайды.


Мейрамбек Беспаев: жазылушы саны - 71 744,   күніне 1-5 сурет салады, 1000-6000 лайк жинайды.

Сакен Майғазиевжазылушы саны -71 565, күніне 3-5 сурет салады, әр сурет 1500- 5000 лайк жинайды. 

Айдана Меденова: жазылушы саны - 65 809,   күніне 1-5 сурет салады, 1000-6000 лайк жинайды.


Салтанат Бақаеважазылушы саны -56 312, күніне 1-3 сурет,  1500-4000 лайк

Ерке Есмаханжазылушы саны -55 474,  күніне 2-5,  2000-5000 лайк

Айгүл Иманбаеважазылушы саны -52 948, күніне 3-7 сурет, 600-3000 лайк

Қайрат Нұртасжазылушы саны -47 795,  күніне 2-5 сурет,  3000-7500 лайк, Қайрат 25 -сәуірде тіркеліп бір жарым айдың ішінде 1 жыл инстаграмда жүрген достарын басып озды және Қайраттың артынан ашылған фейк аккауынттар өте көп. 

Айнур Турсынбаеважазылушы саны -47 628,  күніне 2-5 сурет,  900-2500 лайк

Алмас Кішкенбаев жазылушы саны - 37 420, аптасына 5 сурет, 600-2100 лайк

Дастан Оразбеков: жазылушы саны -36 459, күніне 2-5 сурет, 500-2500 лайк


Бағлан Әбдірайымов, жазылушы саны -36 163, күніне 3-7 сурет,  1000-2000 лайк 

Азамат Сатыбалды: жазылушы саны -33 332, күніне 1-2 сурет, 1000-2000 лайк, Азамат қана пікірлерге жауап береді! 

Қыдыәлі Болман: жазылушы саны -30 652,  екі күнге бір сурет,  600-2000 лайк


Бағым Мухитденова: жазылушы саны -27 297, аптасына 5 сурет, 700-1500 лайк

Айдар Тұрғанбекжазылушы саны -27 249, күнделікті 2-3 сурет, 600-1500 лайк

Танымал журналистер үштігі: 

Айгүл Мүкейжазылушы саны-96 793, күніне 2-15 сурет салынады, әр сурет 1000-5000 лайк жинайды.


Маржан Сұлтанбай: жазылушы саны -30 257, әр суреті 600-2000 лайк жинайды, екі тілде күніне 2-15 суретке шейін салады. 

Асхат Садырбай: Жазылушылар: 27 656, күнделікті: суреттері 300-1500 арасында  лайк жинайды. Орыс және қазақ тілінде жүргізеді. Жиі жаңартып отырады, күніне орта есеппен 3-5 сурет салынады. Сілтеме қою, адамды атап өтуден мықты. 

Бар есеп осындай болды, барлық жұлдызды тізіп шығу оңайға түспеді :).